«Золушка» балет қойылымының премьерасы

«Золушка» балет қойылымының премьерасы

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры ерекше мәдени шара, Сергей Прокофьевтің музыкасына қойылған “Золушка” балетінің жаңа премьерасын ұсынады. Қойылымның хореографы – петерборлық балетмейстер, А.В. Селезнёв атындағы Алматы хореографиялық училищесінің түлегі Екатерина Волкова. Премьера 1 желтоқсанда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында, 2 желтоқсанда «Almaty Theatre»-де өтеді.

Биыл Шарль Перро ертегісінің желісі бойынша, Сергей Прокофьевтің музыкасына қойылған «Золушка» балетінің «Большой театр»-дағы алғашқы көрсетілімінен бері 80 жыл толып отыр. Осыған орай, ұзақ уақыт бойы Алматы сахналарында ұсынылмаған классикалық спектакль көрерменге қайта жол тартуда.

Премьера жас көрермендер мен балет өнерінің жанкүйерлері үшін маңызды мәдени оқиға болмақ. Қойылым өзек еткен идея – еңбекқорлық, төзімділік және адалдық секілді құндылықтардың адамды шыңға жетелейтіні жөніндегі тәрбиелік ұстанымдар. Театр ұжымы жастар арасында өнерге қызығушылықты арттыруды, еңбекке құрметпен қарауды және кәсіби дамуға ынталандыруды мақсат етеді.

Қойылымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театрының жетекші әртістерімен бірге шетелдік шақырылған солистер де өнер көрсетеді. Олардың ішінде Жапониядан келген балет әртісі Минами Ватанабэ бар. Ол театрдың кәсіби деңгейін, педагогтардың жоғары шеберлігін және шығармашылық ортаның ынтымақшыл әрі жылы атмосферасын ерекше атап өтеді. Премьераның бірінші күнінде Золушка партиясын Минами Ватанабэ, ал екінші күнінде Сымбат Мақсұт орындайды.

Көрермендер классикалық мұра мен заманауи көркемдік шешімдердің үйлесіміне құрылған, музыка мен хореографияны шебер тоғыстырған көркем спектакльді тамашалай алады.

 

18.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20023
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19839
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34987
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33553
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37364