ЖУАЛЫДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVII КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

ЖУАЛЫДА КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХХVII КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Бүгін аудандық орталық мәдениет үйінде Партия аудандық филиалының төрағасы Марат Нарымбековтың төрағалығымен партия Жуалы аудандық филиалының кезектен тыс XXXVII конференциясы өтті. 

Конференция жұмысына партияның Жуалы аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, партия аудандық филиалы «Жастар рухы» Жастар Қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Күн тәртібінде жалпы үш мәселе қаралды. Қаралған үш мәселенің біріншісі бойынша «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Жуалы аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлерді ұсыну туралы Руслан Сайлаубаевқа сөз берілді. Р.Сайлаубаев бір мандатты сайлау округтері бойынша Жуалы аудандық мәслихаты депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың тізімін оқыды. Делегаттардың келісімімен кандидаттар тізім бойынша бірауыздан ұсынылды..

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының кезектен тыс ХХХІ конференциясына делегаттар сайланды.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша  партия аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамына екі кандидат ұсынылды.

Конференция делегаттарының мақұлдауымен Жуалы аудандық филиалының Саяси кеңесінің құрамы жаңа мүшелермен толықты.

Конференцияда күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Конференцияны Марат Аманғалиұлы қорытындылап, партия атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер болған партияластарға сәттілік тіледі.

30.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 851
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6923
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10761
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6993
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7133