Жуалыда күзгі жиын-терін науқаны ойдағыдай өтті

Жуалыда күзгі жиын-терін науқаны ойдағыдай өтті

Жуалы ауданы Жамбыл облысының оңтүстігіндегі іргелі әкімшілік бөлініс, ауылшаруашылығы өркен жайған өңірлердің бірі. Әдете Жуалы жерінің қысы қатты болғанымен шөбі шүйгін, жазы салқын, жауын-шашынды. Табиғатының тамаша көрінісі мен демалысқа жайлылығы және бар. Бір сөзбен айтқанда ауылшаруашылығына аса қолайлы аудан. Әсіресе егін шаруашылығы, оның ішінде дәнді дақылдар мен бақша өнімдерінің өсімі жақсы. «Жуалының картобы» деген тіркес те бүгінде жергілікті брендке айналып келе жатыр.

Қазіргі таңда аудан бойынша ауыл шаруашылығы жерлері 216 306 гектарды құрап отыр. Оның ішінде 95 449 гектары егістік, шабындық – 2 046, жайылым – 114 559, көп жылдық екпелер – 265, басқа да жерлер 2 128 гектар.

Биыл ауданда аз егін егілген жоқ. 2021 жылдың өнімі үшін 29 076 гектар арпа, 3 705 гектар көпжылдық шөп, 22 071 гектар майлы дақылдар, 707 гектарға көкөніс, 10 гектар бақша, 2 660 гектар картоп, 861 гектарғы жүгері егіліпті. Барлығын қосқанда 59 090 гектар, ал оның орындалуы 101 пайызды құрады. Мұны 2020 жылмен салыстырсақ, 2208 гектарға артық.

Астық ору науқаны да биылғы қуаңшылыққа қарамастан ойдағыдай аяқталды. 2021 жылдың өнімі үшін 39 174 гектар алқапқа егілген масақты дәнді дақылдарды ору жұмыстары сәтті аяқталды. Әр гектардан алынған орташа өнімділік гектарына                     12,6 ц/га, жалпы түсімі 49 359 тонна. Астық ору науқанына 113 комбайн қатысты.

Бұдан басқа күзде атқарылатын жұмыстарға тоқталсақ. Майлы дақылдар 22 071 гектар алқапқа егіліп, толық жиналды. Орташа өнімділік 8,7 ц/га құрап, жалпы түсім 19 201 тоннаға жетіп, жоспар 100 пайызға орындалды.

Картоптың да көрсеткіші жаман емес. Егілген 2660 гектардың бәрі түгелімін жиналып, орташа өнім 243 цн/га құрап отыр. Жалпы түсім 64 638 тонна болды, орындалғаны – 100 пайыз. Ал көкөністің егілгені 707 гектар болса, бүгінгі күнге жиналғаны да 707 гектар. Орташа өнімі 253,8 ц/га, құрады.

Сүрлемдік жүгері 750 гектар ақапқа егіліп, орташа алғанда гектарына 14,6 ц өнім алынды, жалпы түсімі 11 000 тоннаға жетті.

2022 жылдың өнімі үшін егілетін күздік бидайдың егістік алқаптарына қажетті күздік бидайдың тұқымдарын ауданда орналасқан тұқымдық зертханаға өткізіп, тұқымның кондициялық жарамдығы туралы куәлігін алу жұмыстары жүріп жатыр.

2022 жылдың өнімі үшін егілетін күздік бидайдың егістік көлемі 9700 га, қажетті тұқым 1746 тонна. Ауылдық округтердің берген мәліметтері бойынша қолда бар тұқым көлемі 1646 тонна. Жетіспейтін тұқым 100 тонна. Шаруалар тарапынан Алматы облысынан «Стекловидная-24» сортты 30 тонна, Шығыс Қазақстан облысынан «Гром» сұрыпты 40 тонна элиталы тұқымдар сатып алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар да жалғасуда.

Бүгінгі күнге тұқымдық зертханаға 1746 тонна күздік бидайдың тұқымдары өткізілді.

2021 жылғы жоспар бойынша 4056 тонна минералды тыңайтқыш алыну керек болған. Бүгінгі күнге 318 шаруа қожалық 4 540 тонна (111 пайыз) минералды тыңайтқыш алды, оның ішінде 3 210 тоннасы Аммиакты селитра, 618,2 тоннасы Аммофос және 712 тоннасы басқа да тыңайтқыштар. Тыңайтқыштар енгізілген алқап 36 745 гектарды құрайды. Субсидия алу үшін 3828 тоннаға өтінім өткізілді. Жұмыс жалғасуда. Күздік бидайға қажетті Аммофос тыңайтқышы бойынша ауданға 200 тонна бөлінді, 36 шаруашылық өтінім берді. Бүгінгі күнге 56 тоннасы алынды.

Жуалы ауданы агроқұрылымдар мен шаруашылықтарда бүгінгі күнге 627 трактор, 185 комбайн, 784 тіркеме тіркелген. Барлығы 1596 дана. Үстіміздегі жылы жаңа техникалар алу жоспары – 159 техника, 10 пайыз.

Жаңа техникалар алу бойынша «Жуалы несие серіктестігі», «Тараз ӘКК» арқылы және «КазАгроҚаржы» АҚ-на құжаттарын тапсырып, алғашқы төлемдерін төлеп, техникаларын алуда. Бүгінгі күнге 966 миллион теңгеге 134 ауыл шаруашылығы техникалары алынды, оның ішінде 50 трактор. 83 басқа да техникалар, 1 астық комбайны.

Жанар-жағар май бойынша айтып өтсек. 2021 жылдың күзгі дала жұмыстарына қажетті кепілдендірілген дизель отынын тарату қызметтерін атқаратын ұйым – «Ақ қайың» ЖШС. Күзгі дала жұмыстарына жоспар бойынша 1690 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінді, шілдеде – 520 тонна, тамызда – 585 тонна, қыркүйекте – 325 тонна және қазанда – 260 тонна. Бүгінгі күнге қыркүйек айына қаражаты аударылған 325 тоннаның жеткізілгені 294 тонна, 100 тоннасы таратылды, қалғаны – 194 тонна. Тарату бағасы 1 литрі 188 теңгеден.

Жамбыл облысының су шаруашылығы жүйелерін қалпына келтіру жол картасы аясында республикалық меншіктегі су жүйелерін коммуналдық меншікке алу және қалпына келтіру жұмыстарының 2 кезеңіне Жуалы ауданынан Ақсай және Көксай каналдары ұсынылды, қаралған қаржы 2 170 миллион теңге.

Коммуналдық теңгерімдегі каналдарды қалпына келтіру бойынша 12 канал ұсынылды, қаралған қаржы 32 миллион теңге.

Иесіз каналдарды коммуналдық меншікке алу үшін 6 канал ұсынылып, оған 240 миллион теңге қаржы қаралды. Жер асты суларын пайдалану үшін ұңғымалар қазып, жаңа технологиялар енгізу бойынша 3 жылда 77 ұңғыма қазу ұсынылды.

Аталған каналдар бойынша тиісті құжаттар топтамасын әзірлеу, бюджеттік өтінім дайындап, жобалық-сметалық құжаттамасына және құрылыс-монтаж жұмыстарына қаражат қарастыру жұмыстары жол картасы аясында белгіленген мерзімдер бойынша атқарылады.

Су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша, 15 шаруашылық 22 дана барабанды жаңбырлатып суғару қондырғыларын алу үшін «Тараз» ӘКК» акционерлік қоғамына құжаттарын өткізіп, комиссияда қаралды. Алдын ала төленетін 10 пайыз қаржысы 15 қондырғыға шаруалар тарапынан төленді. 11 шаруашылық алды, 4 шаруашылық                           қондырғылардың келуін күтіп отыр.

Бұдан басқа «Гамбург» ЖШС 250 гектарға жаңбырлатып суғару қондырғыларын алу үшін қаражат қарастыруда. Қажетті сомма 300 миллион теңге.

Шағын су тоғанын өз күштерімен жасап, дақылдарды суғарған «Ғабит» шаруа қожалығы 1 дана барабанды суғару қондырғысын алып, 20 гектар жоңышқа дақылын суғарды. Шаруашылық аудандағы экскаватормен            3 жерден шағын тоған жасады.

Қарасаз ауылдық округінде «Тұран» шаруа қожалығы және 10 шаруашылық бірігіп, аудандағы экскаватормен Шақпақ өзенінен канал тартып, алдағы уақытта 100 гектардай жерді келесі жылы суғаруға дайындық жасауда.

Ақтөбе ауылдық округін аралау барысында аумақта 12 бастау сулары анықталды. Шалабай су тоғаны жасалса 60-70 гектар көлемінде, Қожағұл су тоғаны бойында 40-50 гектар, №3 карас тоғаны бойында 30-40 гектар, Ферма тоғаны бойында 50-60 гектар, Мырзабай, Ақбастау каналдары бойында да шағын су тоғандары жасалса 20-30 гектар көлемінде дақылдарды суғаруға мүмкіндік бар Алдағы уақытта эксковатор арқылы бұл жұмыстар да атқарылатын болады.

Р.ҚҰНИЯЗОВ, Жуалы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы
18.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 53
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 162
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 306
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 526
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 477

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9181
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8580
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11808
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9577
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10788