Жуалыда жылжымалы концерттік бағдарлама өтті

Жуалыда жылжымалы концерттік  бағдарлама өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жуалыда екі күнге созылған 10 аялдамадан тұратын "Ата-бабам аңсаған Тәуелсіздік" атты көркемөнерпаздардың  жылжымалы концерттік бағдарламасы өтті


Мерекелік концерт алғашқы күні Ақсай ауылдық округінде орналасқан Б. Момышұлы музейінің ауласында басталды.

«Қызғалдақ» ән-би ансамблі шараны «Қазақстаным» әнімен ашты.


Әрі қарай мерекелік концерт Көлбастау ауылының Абай көшесінің бойында, «Қаракөз», «Корзинка» сауда үйлерінің алаңында өтіп, жиналған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.


Жылжымалы мерекелік концерт соңы аудан орталығындағы орталық алаңда жалғасып, ауыл тұрғындарын шат-шадыман көңілді күйге бөлеп, жиналған көпшілік алғыстарын жаудырды!


Ертеңіне жылжымалы концерттік бағдарлама Б.Момышұлы ауылында орналасқан теміржол бекетінде басталып, сапарға шыққан жолаушыларды көңілді күйге бөледі.

Әрі қарай жылжымалы концерттік бағдарлама Қарасаз, Шақпақата ауылдарындағы көше бойында өтті.


Екі күнге созылған жылжымалы концерттік бағдарлама Нұрлыкент ауылындағы жаңадан ашылған мәдениет үйінің ауласына аялдап, концерттік бағдарлама сол жерде соңына жетті.


Аудан халқына мерекелік көңіл-күй сыйлап, торқалы тойға осындай тарту жасалды.

Жуалы ауданы әкімдігі
17.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 329
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 175
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 475
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 322

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18240
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18099
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33288
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31837
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35553