Жүйелі жұмыстың нәтижесі

Жүйелі жұмыстың нәтижесі

2021 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысымен Шу ауданының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқанын аңғаруға болады. Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, мал шаруашылығы саласындағы өсім, бұқараның баспанаға қол жеткізуі, елді мекендерді ауызсумен қамтып, газдандыру үлесінің артуы, шағын және орта кәсіпкерлік төңірегіндегі көзге көрінер жетістіктер аудан басшылығының жұмысты жүйелі жүргізгенінің нәтижесі.

Айталық, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 104,1 пайызға, өнеркәсіп саласында өндірілген өнім көлемі 101,2 пайызға, ауыл шаруашылығы саласының өнімі 102,7 пайызға, құрылыс жұмыстары 103,9 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 111,9 пайызға, қаржы игеру көрсеткіші 99,3 пайызға орындалды. Қаңтар-шілде айларының қорытындысымен ауданда 43,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді.

Биылғы жылға ауданымызға барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 5,7 млрд теңге қаражат бөлініп, 57 жоба іске асырылуда.

Аудан экономикасының негізгі қозғаушы саласы ауыл шаруашылығы екені белгілі. Биылғы жылдың өнімі үшін 126 931 гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылып, 10 084 гектарға сүр айдалды. Жер пайдалану көрсеткіші 100 пайызға орындалды.

7 560 гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары енгізіліп, өткен жылмен салыстырғанда су үнемдеу технологиялары енгізілген алқаптар 2060 гектарға ұлғайды. Бұл ретте ауданда су үнемдеу технологияларын тиімді пайдаланып, егін шаруашылығын дамытуда ауқымды жұмыстар атқарған «Қызылша» ЖШС-ін атап өткім келеді.

Мал шаруашылығы саласында барлық түліктер санатында және барлық өнім түрлерінде өсім қалыптасты.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Қаңтар-маусым айларында ауданның кәсіпкерлік саласын дамытуға мемлекет тарапынан жалпы 970,6 млн теңге қаржы берілді.

Аудандағы жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны 7102-ні құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,9 пайызға өсті.

 

Жасұлан СЕЙІЛХАН, Жамбыл облысы
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 75
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 78
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 181
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 546
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 492

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9196
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8593
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11821
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9590
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10804