Жұмысы сан салалы бірлестік

Жұмысы сан салалы   бірлестік

Биыл мұнайшылар қауымы үшін есте қаларлық оқиғаларға толы берекелі жыл. Аталарымыз «қара май» деп айдар тағып, қаншама ұрпақтың ырыс-несібесі болған Қазақстанның мұнайы мен газына 125 жыл болса, «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осынау мерейлі мереке қарсаңында аталған бірлестіктің бас директоры, белгілі азамат Анатолы Тегісбаев мырзаға бірнеше сауалдар қойған болатынбыз.

 

– Анатолы Орынғалиұлы, көзі қарақты оқырман қазақ мұнайының тарихынан хабардар. Десек те, мұнайымыздың кешегісі мен бүгініне қысқаша босла да тоқтала кетсеңіз? 

– 1846 жылы Маңғыстау түбегінде мұнайдың алғашқы белгілері табылғаны баршаға мәлім. 1899 жылы Гурьев облысындағы Қарашұңғыл кен орнынан алғашқы өнеркәсіптік мұнай фонтаны алынды. Дәл осы күн Қазақстандағы мұнай өндірісі басталған күн болып тарихқа таңбаланды. Гурьев облысында 1911 жылы Доссор, 1915 жылы Мақат кен орындарының ашылуы сол кездері Қазақстанды әлемдегі ең ірі мұнай-газ провинцияларымен бір қатарға қойды. Экономикалық ғажайып болып саналған мұнай мен газ бүгіннің өзінде де маңызды энергия көзі, әлемді өзгертетін ерекше тауар ретінде үлкен маңызға ие. Дәл осы көмірсутектер бүкіл әлемдегі тұтынушылар үшін әлі талай жылдар бойы негізгі отын ресурсы ретінде қолданылатын болады. Қазақстанның экономикалық болашағы мұнай мен газ өнеркәсібінің дамуымен тығыз байланысты. Бір ғана дерекке көз жүгіртелік. 2020-2023 жылдар аралығында мемлекеттік бюджетке мұнайдан түскен кіріс 41-45 пайызды құрапты. Біздің елімізде барланған көмірсутегі шикізатының қоры айтарлықтай мол, ол әлемдік көлемнің 3,3 пайызын құрайды. Мұнайдың дәлелденген игерілетін қоры 3,9 миллиард тоннаны құрап, әлемде 12 орынға тұрақтаппыз. Каспий теңізінің газ қоры 3,2 триллион текше метрден асып, әлемде 14-орындамыз. Қазақстан – әлемдегі ірі мұнай өндіруші елдердің бірі. Тәуелсіздік алған кезден бергі 30 жыл ішінде Қазақстанда мұнай өндіру шамамен 3,5 есеге артты. 1991 жылы 26,6 миллион тонна мұнай өндірсек, 2019-2023 жылдары мұнай өндіру көлемі жыл сайын орташа есеппен 85-90 млн тонна, ал газ өндіру көлемі 54-56 миллиард текше метр деңгейінде болды. Бұл Қазақстан экономикасы жалпы ішкі өнімінің шамамен 20-25% құрайды және экспорттық табыстардың басым бөлігін қамтамасыз етеді. Осынау мәліметтерде мұнай-газ саласы мамандарының еселі еңбегі жатыр. 

– Өзіңіз басқарып отырған «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің алдындағы міндеттері туралы тоқталсаңыз.

– Экономикамыздың маңызды бөлігі болып табылатын мұнай-газ саласы ардагерлерінің республикалық қоғамдық бірлестігін құру туралы бастама 2019 жылы қабылданды. Сол кездегі Республика Энергетика министрі Қ.Бозымбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сол кездегі басқарма төрағасы А.Айдарбаев, «Kazenergy» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының сол кездегі басшысы Т.Құлыбаев сынды белгілі тұлғалар ардагерлермен кездесу кезінде сала жұмысының тиімділігін арттырып, ондаған жыл адал еңбек еткен білікті ардагерлердің озық тәжірибесін жастарға кеңінен үйрету мақсатында қоғамдық бірлестік құру жөнінде бастама көтерілген болатын. 2019 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанның Еңбек Ері Ұ.С.Қарабалиннің бастауымен мұнай-газ саласына белгілі 13 азаматтың құрылтайшылығымен «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігін құру жөнінде шешім шығарылды.  Осы жылдың 2 қырқүйегіне дейін аталған республикалық қоғамдық бірлестіктің Бас директоры болып еңбек еттім. Осы кезеңде Қазақстан мұнайының 120 жылдық мерекесін ұйымдастыру кезеңінде жаңадан шаңырақ көтерген республикалық қоғамдық бірлестік көптеген жұмыстар атқарды. Ардагерлердің мемлекеттік марапатталуын ұйымдастыру, әр өңірдегі ардагерлерді Атырау қаласында Президенттің қатынасуымен өткен мерекелік іс-шараға жеткізіп, орналастыру сияқты қыруар жұмыстарды аз уақыттың ішінде Есжанова Салидат, Алтынбаева Гүлнар, Китуев Балғазы, марқұм Аяғанов Бектұр, Бирманов Исатай сынды мамандар уақытпен санаспай жүзеге асырды. Кейіннен бірлестікті мемлекет және қоғам қайраткері Зейнолла Алшымбаев басқарды. Республикалық қоғамдық бірлестік Қазақстанның мұнай-газ саласында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагерлердің тәжірибесін пайдалана отырып, мұнай-газ кешенін дамытуды және тиімділігін арттыруды мақсат етеді. Мұнай-газ кен орындарын реабилитациялау және жаңа технологияларды енгізу жұмыстары айрықша назарда. Өзен және Қарамандыбас сияқты ескі кен орындарында мұнай өндірудің тиімділігін арттыру мақсатында реабилитация жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар аясында А.Бердімұратов, Ж.Иманбаев, Б.Жанбуршин сынды ардагерлердің өндіріске жаңа технологиялар енгізу бағытында дайындық жұмыстары жүргізілуде. Олар мұнай қабаттарындағы қысымды көбейту мақсатында су айдайтын жүйеге жоғары өнімділікті және ұзақ мерзімді қызмет көрсету қабілетін қамтамасыз ететін тиімді «Зульцер» насостарын орнату, мұнай, газ, су қоспаларындағы қатты бөлшектерді (темір, тұз, тағы да басқа) бөліп алу үшін қолданылатын, өндіріс процестерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін «магниттік сепараторды» пайдалану мақсатында сынақтан өткізу, Өзен, Қаражанбас кен орындарындағы газ жинау және тасымалдау жүйелеріндегі қысымды төмендету және тағы да басқа жаңа технологияларды енгізу сынды маңызды жұмыстар.

Экономикалық тиімсіз деп танылған Байшонас, Қарсақ, Құлсары, Қисымбай, Қосшағыл, Қаратон сынды ескі мұнай кен орындарын әрі қарай игеру мүмкіндіктерін қарастыру, ұйымдастыру және жан-жақты зерттеу бойынша қоғамдық бірлестік мамандары тарапынан ұсыныстар беріліп, «Ембімұнайгаз» АҚ басшыларымен, мамандарымен бірлескен жұмыстар жасалуда. Бұл кен орындарының потенциалы әлі де таусылған жоқ. 

«Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Республика Энергетика министрлігімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазақГаз» ҰК» АҚ сынды серіктестерімен бірлескен меморандумдарға қол қойылған. «Мұнай-газ кешенінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Сарапшылары және Қоғамдық кеңес мүшелері Энергетика министрлігінің Қоғамдық кеңесі және «Қазмұнайгаз» АҚ Сараптамалық кеңесінің талаптарына сай жұмыс атқаруда. Бұл кеңестердің мақсаты – мұнай-газ секторындағы өзекті мәселелерді шешу үшін ардагерлердің тәжірибесі мен білімін пайдалану, сонымен қатар саладағы инновацияларды енгізуге ықпал ету. Сала ардагерлерінің тәжірибесі мен білімін пайдалану ел экономикасына үлкен пайда әкеліп, мұнай-газ өнеркәсібінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігін біз жақсы түсінеміз. 

Сонымен қатар, еліміздің майталман мұнайшыларының ерен еңбектерін насихаттап, қалаларда, елді мекендерде олардың атына көше беру жұмыстарына ықпал жасау, өндіріс өзегінде еңбек етіп жатқан жас мұнайшыларға бағыт-бағдар беріп, жоғары оқу орындарының студенттерімен жүздесіп, тағылымды әңгіме құру сынды сан алуан жұмыстар республикалық қоғамдық бірлестігі тарапынан келешекте де кешенді түрде жүзеге аса береді. Республикалық қоғамдық бірлестіктің Орталық кеңсесі және мұнай және газ өндіру, өңдеу, тасымалдау өңірлерінде ашылған филиалдары да қарқынды жұмыс жасау үстінде. Бір сөзбен айтқанда, бірлестіктің болашағы зор. Алғашқы мерейтой барысында бірлестіктің аяқтан тұруына барынша көмектескен Республика Энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «ҚазақГаз» ҰК» АҚ компанияларының басшылығына және бізге ниеттес болған барша тілеулестерімізге ризашылыққа толы алғысымызды білдіремін. 

 

Сұхбаттасқан – Кенжебек ТҰМАНБАЙҰЛЫ
16.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Жұмысы сан салалы   бірлестік
Сұхбаттасқан – Кенжебек ТҰМАНБАЙҰЛЫ - 16.11.2024 137
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 146
ӘКІМДЕР НЕГЕ ҚАУҚАРСЫЗ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 15.11.2024 46
«АДАЛ ҰРПАҚ» ЕРІКТІ МЕКТЕП КЛУБТАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ СЛЕТЫ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 15.11.2024 109
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 220
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 187
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 146
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 220
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 187
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 198
 «ҚОЛА ДОМБЫРА» – шымкенттік оқушыда
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 13.11.2024 193
Көкшеде тау-тау астық қар  астында жатыр
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Дахан ШӨКШИР - 13.11.2024 199
ТОҚТАМАЙТЫН ТОҚТАҒАЗИН  (Ескірмес эссе)
Нұрдәулет АҚЫШ, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы - 09.11.2024 1022
ЖҮРЕК ЖЫРШЫСЫ
Қанат ӘУЕСБАЙ, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы, PhD - 09.11.2024 1024

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8313
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 7717
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 10945
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 8693
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 9931