Әзербайжан Республикасының Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Мемлекет Басшылары кеңесінің XII Cаммиті өтті

Әзербайжан Республикасының Габала қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Мемлекет Басшылары кеңесінің  XII Cаммиті өтті

2025 жылғы 7 қазанда Әзербайжан Республикасының Габала қаласында «Аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздік» тақырыбында Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Мемлекет басшылары кеңесінің XII Саммиті өтті.

Саммитке Әзербайжан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Ильхам Әлиев төрағалық етті. Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғыз Республикасы Президенті, Жоғары Мәртебелі Садыр Жапаров, Түркия Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Шавкат Мирзиёев, Түрікмен халқы Мәслихатының Төрағасы, Жоғары Мәртебелі Гурбангулы Бердімұхамедов және Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан қатысты.

Саммит жұмысына сонымен қатар Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының басшылары қатысты. Атап айтсақ, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, ТҮРКПА Бас хатшысы Мехмет Сүрейя Эр, ТМҰ Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым, Түркі академиясының президенті Шахин Мұстафаев, Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдат Әмреев, сондай-ақ Түркі мемлекеттері сауда-өнеркәсіп палаталары одағының президенті Мамед Мусаев және басқа үкімет және халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Саммитқорытындысына сәйкес Түркі мемлекеттері басшылары түркі әлемінің бірлігін нығайтуға, мәдени ынтымақтастықты дамытуға және ортақ болашаққа арналған стратегиялық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған XII Саммиттің Декларациясына қол қойды.

XII Саммиттің маңызды тарихи шешімдерінің бірі – Түрікменстанның Түркі мәдениеті және мұрасы қорына бақылаушы ел ретінде қосылуы болды.

Бұл Саммит Түркі  мемлекеттері арасындағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасу мен әріптестік қатынастарды одан әрі тереңдету үшін маңызды алаңға айналды.

08.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 241
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 253

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18442
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18301
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33486
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32034
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35807