Жүректегі жазулар

Жүректегі жазулар

Қоғам қайраткері, журналист һәм ақын ақын  Болат Дүйсенбі 80 жаста

Алла Тағалам берген Тәуелсіздігіміз күн шуағындай жарқырап келіп, ғасырлар бойына аңсаған рухани байлықтарды үйіп-төгіп сыйлай салды. Мұндай аста-төк байлықты татып көрмеген, күтпеген, басынан кешпеген қазағымыз әрине абдырап қалды. Ең басты өкініш «Жақсы мен жаманды айырмадың...» деп Абай дана айтқандай оларды дер кезінде игілігіне жаратудың орнына шашып-төгіп, таласып-тармасып, «енді не болар екен?» деп сынай қараған өзге елдердің күлкісіне ұшырағанын несіне жасырайық. Ресей қазақтың ұлылығын көрсетпеуге тырысып, оны ешқандай рухани байлығы жоқ бейшара, надан ел етіп көрсетуге тырысқанын біз жақсы білеміз.

Қазақты бөтен жұрттар қорлап келген, 

Көшпенді оқымаған, надан деген.

Бейхабар тарихынан халқымыздың

Болған соң ұғымдары өте төмен. 

– деп бүгін шығармашылдығын аз-маз сөз еткелі отырған Болат Дүйсенбі ағамыздың осылай деп түйіндеген ойы көп нәрсені аңғартқандай. Мәселен күрескер, қоғам қайраткері ретінде халқына кеңінен танылған Болат ағамыздың ақындығын біз біле бермейміз. Әңгімемізді шүу дегеннен рухани байлықтан бастауымыздың бір себебі, мәні осында жатыр. Рухани байлықты кім жасайды? Әрине мұндайда біз ақын-жазушыларды, жырауларымызды бірінші болып атаймыз. Обалы не керек, Кеңес өкіметі ақын-жазушыларымызға барынша жайлы жағдай жасады. Олардың кітаптарына мол қаламақы төледі, шығармаларын көп таралыммен шығарып, халыққа жеткізудің барлық жолдарын жасады. Халқымыздың әліппе таныған баласынан бастап еңкейген қартына дейін ол кезде құныға кітап оқитын. Халқымыз қолына қалам ұстаған ұл-қыздарын аспанға көтеріп, оларды әулиедей құрметтеді. Осыдан болар халқымыздың рухы өлген жоқ.

Міне, біз Тәуелсіздігіміз кезінде осы қасиетімізді, қаншама жылдар бойына жинаған рухани байлығымызды жоғалтып алдық.

Жырымды оқы, әділімен бағала,

Терең оймен әр сөзімді сарала.

Өтінемін, бір-ақ нәрсе сұраймын,

Қызғанышпен жеңіл-желпі қарама.

– деп Болат ақын айтқандай қаламгерлеріміздің өтініштеріне құлақ аспай, бұл дүниенің басқа, өтпелі байлығына қызықтық. Әлбетте, халқымыз бұл қадамға өз жүрек қалауымен барған жоқ. Оны өмір тауқыметі соған мәжбүрледі. Балапан басына, тұрымтай тұсына дегендей жоқшылық дендеп, кедейлік басынған соң рухани байлықты ысырып қойды, тәрк етті.

Өтермін бұл өмірден жылап-зарлап,

Сөзімді ешкім ұқпас оймен барлап.

Қамыңды ойлап, қазағым, қапаландым,

Сондықтан жүр көңілді қайғы торлап.

 

Әкім менен әлдіге шұлғисың бас,

Қылықтары өзіңе болса да қас.

Сайқал сөзге ересің – сырты сұлу,

Ойлан халқым, ояншы, көзіңді аш!

Мінеки осылай деп Болат ағам жырлағандай, билік неге екенін кім білсін қаламгерлерді жетім баланың күйіне жеткізді. Баяғы мол қаламақы, көп таралыммен кітаптарын шығарған тамаша заман адыра қалды. Халық сол кездері дүркіреп шыққан рекэттерді, әкім-қараларды өздеріне өнеге тұтты. Кішкентай балаларымыз «Рекэт боламын, әкім, сот боламын» деп былдырлап саналарына тоқыды.

Парасат емес, күш алып,

Жүр ғой бүгін жол салып.

Билікке ие тойымсыз,

Жүрмін саған мен налып.

Ақын осылай налиды. Халқының қайда кетіп бара жатқанын жүрегі сезіп, көзімен көріп тұрған дана ақын шыдап отыра алмайды, қолына қалам алады еріксіз.

Күш көрсетіп әлсізге,

Нұрын құйып нәрсізге.

Қан мен жасты ағызды,

Болған соң бодан «дінсізге».

Орыстың бодандығынан құтылып, өзге бір бодандықтың құшағына осылай халқымыз кіріп кете барды. Елімізді парақорлық жайлады. Бір адамды мадақтап, жағымпаздық жыландай жайлап, қазақты улады.

Жарысады мадақтаумен әрнені,

Соған ғана жеткеннен соң пәрмені.

Пайдалы іспен елге қызмет етсеші,

Ұлылыққа жетпеген соң дәрмені.

Иә, жай ғана қарапайым халық қана емес өр ақындарымыз да осы жаман нәрсенің құлына айналды.

Кеуде соғар менің қазір жоқ жайым,

Даңқ іздеп жұтқаным жоқ уайым.

Бар арманым адам болып туған соң,

Ойлау ғана келешекте ел жайын!

Елінің болашағын ойлап, шындықты қақыратып жазған ақын, қаламгерлер шетқақпай қалды. Бірақ еңбегі еленбеген Болат Дүйсенбі ақын сияқты өткір ойларын найзағай-қамшыдай жарқылдатқан ақындар саусақпен санарлықтай болса да өздерінің өр үнін қал-қадерінше жеткізіп жатты.

Қалай болар тірлігің,

Жоқ болған соң бірлігің.

Әркімнің кетер қолында

Байлығың менен билігің.

 

Сілкінші, тұршы ұйқыңнан,

Көрсетші қимыл бұлқынған.

Тізе қос жинап әл-қайрат,

Ел болшы алға ұмтылған.

Елін бірлікке шақырып, Аллам берген өзінің байлық-қазынасына ие болып қалуына үндеген ақын жүрегі қаншалықты айбарлы, қаншалықты нәзік десеңізші!

Асам деп бір-біріңнен тойлайсыңдар,

Мақтаудан ру-атаңды қоймайсыңдар.

Ел болам десең сыйла бар қазақты,

Осыны сендер қашан ойлайсыңдар.

Рушылдыққа бой алдырып, табалдырықтың арғы жағын көрмейтіндерді ақын осылай түйрейді.

Мансап қуып бірі жүр арын сатып,

Байлық үшін абырой барын сатып.

Еңбегін жеп кедейді мазақ етіп,

Жүр ғой әне жемқорлар қан қақсатып.

Елді 30 жылдай қақ қақсатқан жемқорлар елін, жерін тонады. Соған қарамастан олар бар абырой-атақты иеленіп әлі де мұрттарын балта шаппастан жүр арамызда. 

Ит жүреді тойған жерін жағалап,

Ынжық жүрер мықтыларды сағалап,

Туар ма ер – ел намысын қорғайтын

Туған жердің қасиетін бағалап.

Болат ағамыздың қай жырын оқысаң да қазағымның жайын ойлап, шамырқанғанын, елі үшін ештеңеден тайынбай өз сөзін айтып, үнін жеткізетініне куә боласың.

Тура айтып өткір тілмен сөйлеймін,

Байлық, мансап арбауына көнбеймін.

Адами пәк сезімдерге бас ием,

Әділетсіз дөрекі сөзге төзбеймін.

Ақын әрі қайраткер ретінде қолынан келгенін жасап, айтар сөзін ірікпей айтып жүрген ол бәрібір өзіне өзі көңілі толмайды. Елінің, ұлтының осындай зар заманға ұшырағанына өзін кінәлі санайды. 

Қайраткер болып жарытпадым елімді,

Ақын болып бекітпедім белімді.

Әлі жүрмін ізденумен толғанып,

Болам деумен ел баласы сенімді.

Бөкеңді мен көптен бері білемін. Ағамыздың күрескерлігі оны үлкен қоғам қайраткеріне айналдырды. Сонымен бірге бұл ағамыз қаламы жүйрік журналист. Жазған мақалалары тастай, жұп-жұмыр келеді. Әрбір сөзі мірдің оғындай. Сондықтан күрескерлігі, журналистігі, азаматтығы, ұлтшылдығы от жырларының қай-қайсысына болсын қан жүгіртеді. Мен ақын емеспін. Өлеңдерінің қандай көркемдікпен жазылғанын мысал етіп ұсынған шумақтардан-ақ айқын сезіліп тұрғанын бағамдаған боларсыз. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» дегендей біз осындай азаматымызды, біртуар оғланымызды бағалай алмай жүрміз-ау деген ой маған маза бермейді. Рас, Бөкең өзі айтқандай атақ-даңққа, марапатқа қызықпайды. Оның діттегені жазғаны еліне жетсе деген арман-ой ғана. Біздіңше ол еліне жетпей жатыр. Ең өкініштісі де осы. Әйтпесе Болат Дүйсенбінің «Ой толғау», «Ойлана жүр, ұрпағым!», «Оянсын рухы бабаңның», «Өмір тағылымы», «Есіңде жүрсін, ұмытпа!» деген тамаша кітаптары бар. Біз бүгін ағаның толағай дүниесінің бір пұшпағын ғана көрсете алдық па? Әрине, көрсете алған жоқпыз. Ол кісінің жыр жауһарының ішінде әрқайсысы бір-бір мұзтау сияқты жарқырап биік, алып шың болып тұрған дастандарының өздері неге тұрады? Ол дастандарының дені алты алаштың арыстары мен тұлғалары жайында. Шынайы ізденіспен жазылған, халқына берері көп, шоқтығы биік дүниелер. Әрқайсысын терең зерттеп барып дүниеге сан толғатып әкелген.

Бүгінгі мерейтойда ағамызды қолымыздан келгенше бір көтеріп тастайық деп жазған мақаламызды түйіндегіміз келіп тұр. Аға, артыңызда көп жиған-тергеніңізді жарқыратып көрсетер 75 жасыңыз құтты болсын! Аллам сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр берсін. Шабыт тұлпарыңыздың тұяғы кетілмей әлі де талай бәйгелерден маңдайыңыз жарқырап келсін! Бала-шағаңыздың қызығын көруді Аллам нәсіп етсін!

 

Ертай Айғалиұлы
26.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 80
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 114
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 114
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 80
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 224
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 229
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 442
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 405

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9100
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8499
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11726
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9492
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10708