Журналистикада өзінің ізі бар МҰРАТБЕК

Журналистикада өзінің ізі бар  МҰРАТБЕК

Астанадағы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде журналист, ғалым, профессор, Бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті Мұратбек Тоқтағазиннің асқаралы алпысқа толған мерейтойына орай «Журналистика мен қазіргі медиакоммуникация парадигмалары: теориялық және практикалық мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 

Мұратбек Тоқтағазиннің қаламынан журналистиканың әртүрлі  жанрында жазылған 300-ден астам материал жарияланыпты. «Деректілік пен көркемдік», «Ақмола үшін айқас», «Кітап басу ісіндегі коммуникативті саясат және жарнама», «Эпистолярные жанры в публицистике Беларусии, России и Казахстана», «Замансөз заңғары» атты кітаптары жарық көріпті. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ республикалық басылымдарда сүбелі-сүбелі материалдары шығып, көзі қарақты оқырманға белгілі бола бастаған М.Балқыбекұлы 2000 жылдан бастап өндіре жазып, ғылым жолындағы соны соқпаққа түсті. 2010 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның Халық жазушысы Ә.Нұршайықовтың туындылары негізінде «Әзілхан Нұршайықов шығармашылығындағы деректік негіз және көркемдік сипат» атты тақырыпта  кандидаттық диссертация қорғады. 

2011 жылдан бастап ЕҰУ-дың  Баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті, соңғы 6 жылда профессоры ретінде журналистиканың, көсемсөздің өзекті мәселелерін  кешенді зерттеп, 2 монография, 2 оқу құралын баспадан шығарып, 10 ғылыми жинақтың құрастырушысы, жауапты редакторы болды. 80-нен астам ғылыми-зерттеу мақалаларын Қазақстанның, Беларусь, Ресейдің және басқа шетелдердің ғылыми журналдарында, халықаралық басылымдарында жариялады. 2018 жылдан бастап әдебиеттану саласы бойынша қауымдастырылған профессор. Әлемдегі ірі библиографиялық және реферативтік Web of Science, Scopus деректер базаларында 5 ғылыми мақаласы жарияланған.

 

Стилі ешкімге  ұқсамайтын ғалым

 

Филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Тапанова: «Мен Мұратбек Балқыбекұлымен әріптесі ретінде бір кафедрада 15 жыл жұмыс істедік. Тоқтағазинды алғаш рет филология ғылымдарының докторы, профессор, жалпы журналистиканың корифейі  Намазалы Омашұлының аузынан естіп едім. Тоқтағазинді жұмысқа алайын деп жатқан уақытта «Сәуле, бізге бір жас маман келеді, ол өзі студент кезінен жазуға машықтанған, топта өзінің беделі бар, орны бар жігіт. Егер кафедраға осындай маман келетін болса,  журналистика мамандығының бір жағын көтеріп жүруге жарайтын азамат» деп таныстырып еді. Бүгін мен оның торқалы 60 тойында осыны көрдім.   

Бүгінгі Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлының 60 жылдығына арналған ғылыми конференция халықаралық деңгейде өтті. Конференцияда тұлғаға айналған Мұратбек Балқыбекұлының ғалым-зерттеуші ретінде, жалпы ғылымға келгенге дейінгі қалалық, облыстық деңгейде істеген жұмыстары жөнінде, одан тіпті сәл шегінсек студент кезіндегі, оқушы кезіндегі қырлары ашылды. Оны ашуға сол өзімен бірге қатар жүрген, бүгінде Қазақстанның үлкен жанашырлары, әр салада отырған басшылардың сөйлеуі, солардың айтуы конференцияның деңгейін жоғары көтерді. Мысалы, бүгін келіп отырған Бауыржан Омарұлы – студент кездегі жолдасы әрі үлкен еңбекке араласқанда қасынан табылған жанашыры, ғылымға бет бұрған кезде кеңес беріп, ғылыммен айналысуына үлкен мүмкіндік жасаған, жетекші болғанын білдік. 

Мерейтой аясында өтіп жатқан конференцияның бірден-бір тақырыбы: ғалым Тоқтағазиннің Әзілхан Нұршайықов шығармашылығы және Әзілхантанушы ретінде таныстыру журналистиканың үлкен бөлімі болатын. Осы бойынша баяндама оқу негізгі мақсаттардың бірі болды. Менің үлесіме тигені Тоқтағазиннің Әзілхантанушы ретінде ғылыми тұжырымдамаларын талдау болды. Осыған байланысты менің алдымда оны әр қырынан ашатын бірнеше баяндамалар оқылды. Ә.Нұршайықов өзі сан-салалық шығармашылық қызметтік қыры ол көркем шығармаларына дерек жинаудағы ешкімге ұқсамайтынын және оның жазу стиліндегі өзіндік ерекшеліктері. Тоқтағазин Әзілхан Нұршайықовтың барлық шығармаларын оқи отырып, осы ерекшеліктеріне басты назар аударып, соны көрсете алған. Мысалы, жазушының қазақ тілінде жарық көрген көлемі 300 баспа табақтан асқан, орыс және шет тілдеріне аударылған 150 баспа табақ, кітап болып шықпаған 100 баспа табақтан аса көркем шығармаларды оқып, талдап, соны өзінің ғылыми еңбегінде көрсеткен. Бұл деген үлкен еңбекті талап етеді. Дайын тұрған материалдарды талдап қоя салмай, әлі жарыққа шықпаған қаншама деректермен жұмыс жасауы ғалымның үлкен еңбегі. «Әйгілі Әзаға» 2012, «Бүтін бітім» 2012, «Бекзат болмыс» 2013, «Ә.Нұршайықов және Қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелері» 2013, «Ұлт қайраткері және отандық көсемсөз» 2014, «Журналистика мен бұқаралық коммуникацияның өзекті мәселелері» 2015, «Әзілхан Нұршайықов және журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері» 2022, «Журналистика мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері және даму парадигмалары» 2023  сынды бірнеше ғылыми жинақтарды құрастырушы, жауапты редактор болған. Бұл деген қыруар жұмыс. Ғылым саласында ғалым Тоқтағазиннің қосқан үлесінің тек біршамасы ғана айтылды». 

 

Шәкірттерін үйретуге де уақыт табады

 

Гүлжауһар Жамбылқызы, Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану деканның ғылым жөніндегі орынбасары, халықаралық үйлестіруші, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент:  

«Мұратбек Тоқтағазин – абыройлы биігінен көрініп жүрген азаматтардың бірі. Ол кісінің ең бір елеулі еңбегінің қатарында майдандық басылымдарда өзін ерекше танытқан Ә.Нұршайықовты зерттеуі. Жазушы шығармашылығына ден қоюы терең білгірлікті, жан-жақтылық пен сөзге шеберлікті қажет етеді, әрі біздің қазақ журналистикамыздың тарихында маңызы бар табыс деп есептеймін. Мұратбек Балқыбекұлының одан бөлек қоғамдық жұмыстары, бас редакторлар клубында вице-президент болуы, университет қабырғасында студенттерге, жас мамандарға білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісуі еңбегінің зая кетпей, халық алдында жүрген азамат бейнесін көрсетіп келе жатыр. Әріптесіміздің еңбектері жан-жақты зерделеніп, биік дәрежесін көрсеткені бізді қуантады. Асқаралы  60 жасы құтты болсын дейміз!». 

22.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 196
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 190
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 699
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 822
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 735

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8891
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8286
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11514
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9270
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10498