🔹«Анаға тағзым» орталығының әдістемелік кабинеті мен «Ана тілі» шешендік өнер үйірмесінің ұйымдастыруымен бүгін «Балалар жылына» орай, мақал-мәтел айтудан жарыс болды. Онда орталықтағы түрлі үйірме қатысушыларынан 19 үміткер өзара бақ сынасты.
🔹 Аталған сайыс қатысушыларды жан-жақты білімді болуға, ой-өрісін кеңейтіп, қабілеттерін дамытуды көздейді. Шапшаңдыққа баули отырып, озық ойлы болуға тәрбиелейді.
🔹 8-15 жас аралығын қамтыған сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандар арнайы дипломдармен марапатталып, сый-сияпат тарту етілді. Атап айтсақ, Әдемі Мұратбек және Жанель Шаймахан І орынды иеленсе, Айым Қалтай мен Дария Леске ІІ орын бұйырды. Аружан Манапова, Ақмаржан Қасен және Інжу Өмірзақованың қанжығалары ІІІ орынмен майланды. Қалған қатысушыларға түгелдей алғыс хаттар табысталды.
🔹Сайысқа төрелік етіп, әділ бағасын берген қазылар алқасы «Анаға тағзым» орталығының директоры Э.Мырза-Ғали, ф.ғ.к.,доцент С.Исматова және әдіскер Ж.Айтжанова болды.
🔹Мақал-мәтелдер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Мақал-мәтел-халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шешетін асыл мұра.
🔹Мақалдар мен мәтелдер жастарға терең ой салумен қатар, оларды көркем және образды сөйлеуге жаттықтырып, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі. Бүгінгі сайысқа қатысқандар осыны жете түсінді.