ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 652 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН

 ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 652 ӨРТ ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛГЕН
Жыл басынан бері аймағымызда 652 өрт оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапқан. Ал 9 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Сондай-ақ жылыту кезеңі басталғалы үй секторларында 62 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингі барысында азаматтық қорғау подполковнигі Жомарт Садирмеков айтты. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бас маманының айтуынша, аймақтағы энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік салалардың барлық объектілері жылыту маусымына мұқият дайындалған көрінеді.
- Жылумен жабдықтау кәсіпорындары белгіленген температуралық режимдер шеңберінде ауытқусыз жұмыс істеуде. Жылыту кезеңі басталғалы облыс аумағындағы үй секторларында 62 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 2 адам жарақат алды. Абырой болғанда, тілсіз жаудан қаза тапқандар жоқ. Әйтсе де, 1 адам газдан уланса, енді бірі жарақаттанды. Бұдан бөлек, жыл басынан бері аймағымызда 652 өрт оқиғасы тіркеліп, 4 адам қаза тапты. Сонымен қатар, 9 адам түрлі деңгейдегі жарақат алды. Өрттен болған материалдық шығын 101 млн. 706 мың теңгені құрады. Ал жыл басынан бері улы газдан уланудың 6 жағдайы тіркеліп, 2 адам ажал құшса, 5 азамат жарақат алды.
Қайғылы жағдайлардың алдын алу әрі жұртшылықтың мәдени сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі түрде атаулы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Биыл автономды жылыту жүйелеріне байланысты атаулы профилактикалық шаралар барысында 315 мың жеке тұрғын үй қамтылды. Сондай-ақ, 609 мыңнан астам азаматқа нұсқаулық берілді. Тұрғындардың қатысуымен үш мың жиын ұйымдастырылып, онда 29 мыңнан астам адам қамтылды, - деді Жомарт Сағатбекұлы.
Брифинг соңында спикер 2022-2023 жылдардың жылыту кезеңі қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтары қоныстанған 6 288 тұрғын үй есепке алынғанын жеткізді. Қазіргі таңда бұл үйдің тұрғындары атаулы профилактикалық шаралармен толық қамтамасыз етілген. Атап өтерлігі, бұл шаралар кезінде 1 693 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 2 981 бұзушылығы анықталып, бүгінде 1 164 өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша бұзушылықтар жойылған. Бастысы, газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау үшін тұрғын үйге датчиктерді орнату жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айта кету керек, соңғы 2 жыл ішінде жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен тұрғын үйлерге улы газ бен табиғи газдың 2 394 датчиктері орнатылған.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 329
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6433
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8045
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6512
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6649