Жыл — он екі ай амалдары

Жыл — он екі ай амалдары

 16-22 наурыз – Бес қонақ. Бес күн бұлың, кейде боран болады.

   27-28 наурыз – Құс қанаты. Қалықтап қар жауады. Халық бұл ырымды «Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар» деседі. Осы қармен бірге жыл құсы ілесе келеді. Кей жылдары жаңбырға да ұласады.

   4-5 сәуір – Отамалы. Қыстың бір күндік соңғы бораны. Мұнан кейін қыс малға отты біржолата береді.

18-19 сәуір – Қызыр қамшысы. Аспанда алғаш рет найзағай ойнап, жаңбыр жауады. (Кей жылдары бір күндік суық та түседі) Отау-отау боп көкте жүзген жаздың бұлты шығады.

28-29 сәуір – Бүршік жарған. Бір күндік суық. Тобылғы, қараған бүршігін жарады.

   9 мамыр – Қызыл жұмыртқа. Бір күндік салқын. Осы күні адал құстар – қаз-үйрек жұмыртқасын жарып, қызыл-шақа балапанын шығарады.

 17-24 мамыр – Құралай. Осы жаңбырмен қоса киік лағын өргізеді.

  29-31 мамыр – Үркердің батуы. Үркер шалшыққа батса, яғни осы күндері жаңбыр болса, жаз жаңбырлы болады деген ырым бар. Осыдан бір аптадан кейін шілденің ыстығы басталады. Ол 40 күнге созылмақ.

15-17 сарша – Үркердің толғағы. Арқаның табиғаты бұзылмай тұрғанда бұл шамада аптаға созылған жаңбыр болған. Шілденің аптабынан кейінгі осы  жауынды халық асыға күткен.

14-15 тамыз – Таразының тууы. Халық арасында «Таразы туа таң суыр» деген мәтел бар. Күз нышаны алғашқы суық білінеді. Бұлт қоюлана түседі.

  21-22 қыркүйек – Сүмбіле жұлдызының тууы. Ел арасында «Сүмбіле туа су суыр» деген мәтел бар. Қабағын түйген күз жаңбырлатып өтеді.

 4-5 қазан – Боқырау деп аталады. Алғашқы суық бой көрсетіп, боққа қырау тұрады.

  14-19 қазан – Ақыраптың алты күні деп аталады. Бұл күндері қазақ жұлдызшылары тезектің өте майда күлін сағат сайын ұшырып отырып, желдің бағытын, күшін, бұлттың жоғары-төмендігін, алғашқы ұшқын қардың жобасын байқап, қыстың алты айындағы ауа райын болжаған.

  18-19 қараша – Қараша қаздың қайтуы. Жаңбыр соңы көктайғаққа ұласады.

 4-5 ақпан (М.Әуезов желтоқсанды ақпан айы дейді) – Қырбастың  қызылы. Алғашқы аяз. Кей жылдары аяз күрт көтеріліп, 30-35 градусқа жетеді.

 17-22-ХІІ ай – Теке бұрқыл. Арқаның атақты бораны. Осы шамада арқар мен киік жұптасады.

  1-2 қаңтар – Күн таласы. Күн бойы көтереді дейді ел. Жапалақтап қар жауады (Кейде жаңбыр да сіркірейді.

 17-27 қаңтар – Сары аяз. Қыс шілдесі деп те аталады. Аяздың шарықтау шегі.

  3-5 Үт – Үркер ауған. Тас төбеге шарықтап шыққан Үркер жұлдызы төбеден сәл батысқа қарай сырғиды. Осыдан кейін Арқада 30 градустан асар аяз болмайды. Бұл күндер бірер күндік борасын жүріп өтеді.

  5-7 наурыз – Толқыма. Алғашқы жылымық, Үркер жамбасқа түсер.

 17-19 наурыз – Май боран. Бес қонақтың бір күні. Босаға жұлдызының тууына орай *Босаға басы деп те аталады.

   Бабалардан қалған асылдарды біле жүрген жөн, ағайын!

 

СӘБИТ ИМАНҒАЛИЕВ, ардагер
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

Тез таралатын жұқпалы аурудан сақтану
Артықбаев Сәкен Сарсенұлы Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы - 29.03.2024 12
Қызылша – вирусты инфекция
Артықбаев Сәкен Сарсенұлы Сарысу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы - 29.03.2024 6
ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – ДОМБЫРА
Дәулетбек Байтұрсынұлы - 28.03.2024 148

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 358
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6464
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 8172
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6543
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 6679