Жылжымалы дәріханалар: Қарағанды облысының шалғай жерлерінде дәрілік көмек қолжетімді бола түсті

Жылжымалы дәріханалар: Қарағанды облысының шалғай жерлерінде дәрілік көмек қолжетімді бола түсті

Мобильді дәріханалар Қарағанды облысының барлық шалғай ауылдарына қатынайды. Бұл шалғайдағы тұрғындарды оңтайлы бағамен дәрі-дәрмектермен тез қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Әлеуметтік жоба туралы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гамаль Тоқсамбаев айтып берді.

– Алғашқы жылжымалы дәріханаларды біз 2020 жылы ең шалғай аудандар – Ұлытау және Ақтоғай аудандарына сатып алдық. Мысалы, Ақтоғай ауданында бірде-бір жеке дәріхана болмаған, сондықтан тұрғындар үшін бұл мәселе өзекті еді. Жылжымалы дәріханалар өздерін ақтады. Қазір олармен облыстың барлық аудандары қамтамасыз етілген. Жоба облыстық бюджеттен қаржыландырылды, – деп түсіндірді ведомство басшысы. – Бүгін барлық тоғыз жылжымалы кешен ауыл тұрғындары үшін қызмет көрсетуде. Олар дәрі-дәрмек қорын толықтыру үшін аудандардан облыс орталығына келді.

Гамаль Тоқсамбаевтың айтуынша, мобильдік дәріханалардың ассортименті үлкен – 2,5 мың атауға дейін. Дәрі-дәрмектер көтерме саудагерлерден сатып алынады, бөлшек сауда үшін үстеме баға небәрі 5% құрайды.

Жылжымалы дәріханалардың шығу кестесі Денсаулық сақтау басқармасының Instagram парақшасында орналастырылған @zdravkrg

Жомарт Шаймұрат
21.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 201
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 214
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 479

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18396
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18256
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33442
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31993
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35762