14 C
Nur-Sultan
Бейсенбі, Маусым 24, 2021

Газетке жазылу

Баспасөз — 2021

«Qazaqstan dauiri» газетіне 2021 жылға жазылудан қапы қалмаңыз!

Қадірлі оқырман!

Сүйікті досыңыз, қуанғанда бірге шаттанатын тілекшіңіз, жаныңыз жадырап, тебіренгенде сырласыңыз, қиналғанда демеушіңіз, басыңызға іс түскенде қорғаныңыз, сапарда жүргенде жолсерігіңіз — «Qazaqstan dauiri» газетіне жазылыңыз. Жазылым үдерісі еш толассыз, жыл бойы жүргізіле береді. Әр айдың 10-ына дейін жазылсаңыз, келесі айдың басынан бастап қолыңызға тиеді.

«Qazaqstan dauiri» газеті, индекс 65977, жеке жазушылар үшін

қала ауыл
1 ай 400,56 419,18
2 ай 801,12 838,36
3 ай 1201,68 1257,54
4 ай 1602,24 1676,72
5 ай 2002,80 2095,90
6 ай 2403,36 2515,08
7 ай 2803,92 2934,26
8 ай 3204,48 3353,44
9 ай 3605,04 3772,62
10 ай 4005,60 4191,80
11 ай 4406,16 4610,98
12 ай 4806,72 5030,16

 

«Qazaqstan dauiri» газеті, индекс 15977, кәсіпорындар үшін

қала ауыл
1 ай 483,89 502,51
2 ай 967,78 1005,02
3 ай 1451,67 1507,53
4 ай 1935,56 2010,04
5 ай 2419,45 2512,55
6 ай 2903,34 3015,06
7 ай 3387,23 3517,57
8 ай 3871,12 4020,08
9 ай 4355,01 4522,59
10 ай 4838,90 5025,10
11 ай 5322,79 5527,61
12 ай 5806,68 6030,12

 

Халықаралық қоғамдық-саяси, танымдық «Qazaqstan dauiri» газеті 1992 жылы 17 қаңтардан бастап шыға бастады. Ол кезде Қазақстан және Түркия мемлекеттерінің бірлескен жобасымен газет «Zaman –Қазақстан» деген атпен жарық көріп тұрды. Түркияда шығатын «Заман газетінің» филиалдары ретінде Қазақстаннан басқа КСРО-дан бөлініп шыққан түрік мемлекеттерінде, сондай-ақ көптеген елдерде таралды. (Мысалы: «Zaman–Қырғызстан», «Zaman–Азербайжан», «Zaman–Германия» т.б.)
Бұл басылым тәуелсіздігіміздің алғашқы қарлығаштарының бірі. «Zaman–Қазақстан» газеті заманауи безендіруімен, жарияланған материалдарының ерекшелігімен қалың оқырманның көзайымына айналды. Қазақстандағы басылымның алғашқы бас редакторы Қалтай Мұхамеджанов болды. Қалтай Мұхамеджановтан кейін Болат Бодаубаев, Жұмабай Шаштайұлы, Марат Тоқашбаев сынды қаламгерлер газетте бас редакторлық қызметті атқарды. Әрине, газет кейбір жылдары қаржылық қиындыққа ұшырап, шықпай қалған кездері де болды.
2005 жылы газет атауы және форматы өзгертілді. «Қазақстан zaman» деп өзгеріп шыққан басылым үлкен көлемде (А-2) шыға бастады. Басылымға редактор болып Ертай Айғалиұлы тағайындалды. Заман ағымына орай 2017 жылы газет аты «Қазақстан зaмaны» болып өзгертілгенмен, 2018 жылы атауы «Qazaqstan dauiri» болып жарияланды. Қазір «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның бас директоры Сәуле Мешітбайқызы. Серіктес құрамында балалар және жасөспірімдерге арналған «Мөлдір бұлақ» журналы бар. Газеттің өзінің арнаулы сайты жұмыс істейді. Басылым таралымы 10 мың. Келер жылы 30 жылдық мерейтойын тойлағалы отырған басылымның басты ұраны: «Келешек үшін бәріміз жауаптымыз!».
Осы ұран аясында газетіміздің атқарып жатқан толағай істері көп. Газет мемлекет, ұлт тұрғысындағы көкейтесті мәселелерге көбірек ден қояды. Ұлттық мүдде басылымның алға қойған ең басты шамшырағы. Содан кейін газет бүгінгі күн тынысынан қалмауды, сондай-ақ тірі материалдарды жариялауды басты мақсат етіп қойған. Бұл газеттің зор жетістігі әрі ерекшелігі деп айтуға болады. Мәселен «Nur Otan» партиясы, Ауылшаруашылығы министрлігімен бірлескен «Ауыл эспедициясы». Басылым ұжымы жылдың өн бойында республикамыздың түкпір-түпкірінде болып, қалың бұқарамен үнемі кездесіп, жүздесіп отырады. Басқа да газеттің үлкен жобалары, облыс, қалаларға арналнаулы беттері, айдарлары бар. Алға қойған мақсат мүдделері, жоспарлары жүзеге асса, газет ұжымы бұдан да жоғары нәтижеге жететіні анық. Оған газеттің ішкі потенциалы жеткілікті.

Мекенжайымыз: 050000, Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, Әшірбек Сығай 60-үй.Тел.: 393 40 17, 393 49 56, 393 49 59  .

E-mail: kazakistanzaman@mail.ru

Ғаламтордағы мекеніміз: www.qazdauiri.kz

Нұр-Сұлтан қаласындағы тілшілер қосыны: тел./факс: 8 (7172) 50-24-45; Мәңгілік Ел к-сі, 8. Журналистер үйі, №55 кабинет

Қосымша сұрақтар бойынша: +7 7079157321

ЖАРНАМА бөлімі: 

8 701 362 38 07 – Жанбақыт Мерекеұлы