Қытайдан сырт елдерде қаза тапқандар саны 160 адамнан асты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы тәулікте жаңадан жұқтырған 1922 адам тіркелді. Олардың ішінде 1792 адам Қытайдан шет мемлекеттерге тіркелді. Бұл туралы ұйымның 3 наурыздағы есебінде айтылған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хабарлауынша, әлем бойынша 90 870 адам жұқтырды, олардың ішінде 80 304 адам – қытайлықтар. Қалған 10 566 адам әлемнің 72 елінде анықталды.

Қытайда коронавирустан қайтыс болғандар саны 2946 адам және басқа елдерде 166 адам болды.

Сонымен қатар, вирус Португалия, Сауд Арабиясы, Тунис, Марокко, Латвия, Андорра, Иордания және Сенегалда тіркелді.

Бұған дейін АҚШ-та коронавирус салдарынан 9 адамның қайтыс болғаны туралы хабарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз