Түркістан облысындағы білім ұялары 6-сәуірден бастап толықтай қашықтықтан оқыту жүйесіне көшеді. Яғни, өңірдегі барлық оқушылар 4-ші тоқсан бойынша мектеп бағдарламасындағы сабақтарын өз үйлерінде онлайн режимде 2 ауысымда оқиды.

Осы жаңаша жүйені тиісті деңгейде іске асыру үшін мамандар аталған салаға мониторинг жұмыстарын жүргізіп, оқушылар мен оқытушылардың қашықтықтан оқыту жүйесіне дайындығын пысықтады.

Бүгінде қашықтықтан оқытуға арналған арнайы порталдар дайындалып, іске қосылып отыр. «Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online» сынды жүйелер балаларды білім нәрімен сусындатпақ.

Әрбір оқушы сонда тіркеліп, тиісті үй тапсырмасын алып оқуын жалғастыра алады. Сондай-ақ, еліміз бойынша оқушылар мектеп бағдарламасындағы пәндерді қазақ тілінде «Балапан», орыс тілінде «Еларна» телеарнасынан да оқып үйренуге мүмкіндік туады. Оқу бағдарламасын қайталап оқуды республикалық телеарналардан бөлек жергілікті жердегі телеарналар да қосымша жүзеге асыратын болады.

 

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз