Нарбай ЕРГЕБЕКОВ, Жуалы ауданының әкімі:  Ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған аудан

0
327

Редакция сөзі

 

         Жамбыл облысы, Жуалы ауданымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеміз. Ол өңірде біздің газетімізді асыға күтіп отыратын оқырмандарымыз баршылық. Аудан әкімшілігіне алғысымыз шексіз. Бүгін біз осы Жуалы ауданына арнаулы бет беріп отырмыз. Негізінен ауыл шаруашылығы дамыған ауданда көңіл қуантарлық, үлгі боларлық өркенді шаруалар, келелі істер көп екен. Таныс болыңыздар!

 

Жері, суы киелі де қасиетті Жуалы ауданының ежелгі атауы ел тарихында Мыңбұлақ атауымен белгілі. Асан Қайғы бабамыздың Жуалы жеріне қаратып: «Басқаның бәрін қисаң да, Жуалыны қимайсың. Бөктеріп алып кетер ем, ат сауырына сыймайсың» деуі де бекер емес.

Былайғы жұртшылық «Батырлар мен генералдардың өлкесі» немесе «Жұлдызы биік Жуалы» деп танитын Жуалы ауданы ең алдымен аграрлық бағытта қарқынды дамып келеді. Себебі ауданда ауылшаруашылығын дамыту кеңінен жолға қойылған. Бұл бағытта мемлекеттің де шаруаларға нақты көмек-қолдаулары қашанда маңызға ие екені белгілі.

 

Көрсеткіштер көлемі артып келеді

 

Аудан экономикасы еліміздің біртұтас экономикалық кеңістігін құрамдас бөлшегі болып саналатындықтан ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне жылдан-жылға артығымен қол жеткізілуде. Оған мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасалып, аудан әкімдігінің бөлімдерімен қатар, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері да жұдырықтай жұмылуда. Соның нәтижесінде, аудан экономикасы жыл санап өсіп, тынымсыз тірлік жасап, еңбек етудің арқасында тұрғындар да біршама еңсе тіктеп үлгерді.

 

 

Ауданның алғашқы жарты жылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы көрсеткіштерін көңіл көншітерлік деп айтуға толық негіз бар. Есепті кезеңде атқарылған шаралардың нәтижесінде ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалуы қамтамасыз етіліп отыр.

Ауданымыздың жалпы ішкі өнімінің көлемі есепті мерзімге 19 151,2 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда21,8 пайызға артып отыр.Жалпы ішкі өнімнің құрылымында өнеркәсіп үлесі 25,7%, ауылшаруашылығының жалпы шығарылымы 42,5%, құрылыс жұмыстарының көлемі 9,8%, сауда айналымы 22,0%-ды құрап отыр.

Есепті мерзімге ауылшаруашылығы өнімінің жалпы шығарымы 8 миллиард 144,9 млн теңгені құрады немесе нақты көлем индексі 101,5 пайызды құрады.

Аудан жерінің жалпы көлемі 413 698 гектар. Оның ішінде ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер 210 772 гектар. Тиісінше, егістігі 95 004 гектар, суармалысы 8 708 гектар және жайылымы мен шабындық жерлердің үлесі 111 484  гектарды құрайды.

 

 

Ауданымыз үшін егін шаруашылығы басты бағыттардың бірі саналады. Осы орайда 2020 жылдың өнімі үшін нақты 57 221 гектар алқапқа ауылшаруашылығы дақылдары егілді. Оның ішінде арпа, көпжылдық шөп, майлы дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары, дәндік және сүрлемдік жүгерінің үлесі мол.

Аудан көлемінде өткен жылдардағы 25 987 гектар көпжылдық шөптерді және 9674 гектар күздік бидайды қосқанда, барлығы 92 823 гектарға ауылшаруашылығы дақылдары орналастырылған(2020 жылғы жоспар 92 311 гектар).

Жанар-жағармай мәселесіне келер болсам, «Аққайың» ЖШС және «Ауыл мұнай» жеке кәсіпкерлігі науқандық жұмыстарға қажетті барлығы 4280 тоннаға берілген шаруалардың өтінімін толығымен қамтамасыз етіп отыр. Жуалы ауданының агроқұрылымдары мен шаруашылықтарында бүгінгі күнге барлығы 175 комбайн тіркелген. Егін орағына комбайндардың дайындығы 85 пайызға тең.Үстіміздегі жылы жаңа техникалар алу жоспары 103 дана техника болса, есепті мерзімге 294 млн. теңгеге 87 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде 15 жаңа «МТЗ» маркалы тракторлары, бір дана жүктиегіш,  70 дана ауыл шаруашылығы тіркемелері және бір комбайн сатып алынды.

 

 

Ауылшаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестицияның   жоспары 298,5 млн теңге болса, нақты орындалуы 302,0 млн теңгені құрады немесе жоспар 101,2 пайызға орындалды.

Мал азығын дайындау жұмыстарының барысы ауданда ең маңызды жұмыстардың бірі саналады. Бүгінгі күнге ауданға қарасты барлық ауылдық округте науқандық шөп ору қарқынды атқарылып, орылғаны 26 120 гектар, орташа өнімділік әр гектардан 40,8 центнерге айналды. Мал шаруашылығы егін шаруашылығымен ажырамас егіз сала. 2020 жылдың бірінші шілдесінде аудандағы мүйізді ірі қараның жалпы саны 51 573 басты құрады. Сонымен бірге ұсақ тұяқ 265 066, жылқы 13 471, шошқа 400, үй құстары 133 880 бас болып отыр. Мал басы 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара 9,5 пайызға, қой мен ешкі 0,4 пайызға, жылқы 5,5 пайызға,құстар 1,0 пайызға артып отыр. Мал өнімдері бойынша ет өнімі 1,8 пайызға, сүт өнімі 1,6 пайызға, тұқым өнімі 0,5 пайызға артқанын да айта кеткен ләзім.

Жуалы ауданында бірқатар өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар алғашқы жартыжылдықта 4 925,7 млн теңгенің өнімдерін өндіріп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. 2020 жылдың бірінші шілдесіне аудан көлемінде статистикалық деректерге сәйкес 4 818 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Осы шаруашылық субъектілерінде барлығы 9409 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 700 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 2159 адам, шаруа қожалықтарында 6441 адам  жұмыс жасайды.

 

 

Аудан бойынша 1 431,2 млн теңгенің бөлшек саудасы жасалып, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 95,4 пайызға кеміген.

Ауданда бүгінгі күнге төрт шағын микрокредиттік ұйымдар  кәсіпкерлік субъектілеріне  несие тарату қызметімен айналысады, 2020 жылдың есепті мерзімінде осы ұйымдар барлығы 2 293 адамға 1 млрд. 405 млн. 898 мың. теңге несие таратты.

Есепті мерзімге «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшерлемесі субсидияланатын несие алу, кепілдік беру және инфрақұрылымды дамыту мақсатында да жұмыстар жүргізілуде. Мысалы 2020 жылдың алты айында нақты үш жобамен жұмыстар жүргізіліп, «Даму» КДҚ» АҚ-мен келісімге отырып, барлығы 127,0 млн теңге несиеге қол жеткізілді.

 

 

Тұңғыш рет облыс көлемінде қолға алынған «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасы аясындағы бесінші бағыты бойынша бүгінгі күнге үш жоба жалпы сомасы 20, 450 мың теңгеге қаржыландырылып, өз жұмыстарын бастап кетті. Пилоттық өңір ретінде таңдалып алынған ауданымызға қарасты Ақтөбе ауылдық округінде жобаның алдыңғы бағыттарымен де тұрғындар қызу жұмыс жүргізуде.

 

 

Құрылыс қарқыны бәсеңдеген жоқ

 

Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша биылғы жылы ауданға қарасты Қоңыртөбе ауылындағы Д.Пахомов атындағы орта мектебіне жапсарлас спортзал, оқу бөлмелерінің құрылысын жүргізу жұмыстары, сонымен қатар, жобалау жұмыстары (ЖСҚ) бойынша: Жалпы алаңы – 86,7 га.(Б.Момышұлы ауылынан 36,7 га, Көкбастау ауылдық округінен 30 га, Ақсай ауылдық округінен10 га, Нұрлыкент ауылдық округі 10 га) жер телімдерінің жаңа тұрғын алқаптарына газ және ауыз сумен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірлеу үшін 2019 жылға аудандық бюджеттен 24 800,0 мың теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік ашық конкурс жарияланды. Ал Қосбөлтек, Б.Момышұлы ауылдарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту газ жүйесі бойынша жобалау жұмыстарын «Жамбылагрогазпроект» ЖШС жалпы 4 590,0 мың теңгеге келісімшарт рәсімделіп, жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға бастапқы құжаттары салынуда.

Білім саласында да жүргізіліп жатқан құрылыстың қарқыны жақсы. Облыстық білім басқармасының келісімімен «Жуалы ауданы Алатау ауылында 80 орындық орта мектеп құрылысын салу», «Жуалы ауданы Дихан ауылында 180 орындық орта мектеп құрылысын салу»  жобаларын әзірлеу үшін сараптама қорытындысы алынды. Жоғарыда аталған екі білім нысандары бойынша 2020 жылға қаржы бөлу үшін облыстық құрылыс және экономика басқармаларына бюджеттік өтінім берілді.

 

 

Бұдан бөлек, аудан орталығындағы №1 мектеп-гимназияға жапсарлас акт залы мен шеберхана құрылысының ЖСҚ әзірлеуге 3800 мың теңге қаржы бөлінді. Бастапқы деректі құжатама топтамасын жинақтау жүргізілуде.

Нұрлыкент ауылында 100 орындық мәдениет үйінің құрылысына облыс әкімінің Жуалы ауданына жасаған іссапарында берілген тапсырмаға сәйкес құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, Нұрлыкент ауылындағы мәдениет үйінің жобасын 180 орындық етіп қайта дайындау үшін сараптамалық қорытындысы алынып, аталған жоба бойынша облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім берілді.

Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізуге де соңғы жылдары сұраныс артып келеді. Осы ретте Б.Момышұлы ауылында үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысын жүргізуге сараптама қорытындысының оң нәтижесі алынды. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін облыстық тиісті басқармаға жалпы сметалық құны 277 320,0 мың теңге қаржы бөлуге өтінім беріледі.

 

 

Бұдан  бөлек екінші тұрғын үйдің ЖСҚ-сын әзірлеуге 4 779,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2020 жылдың 23 маусымында «КазЦентрПроект ЖШС-мен №84 санды келісімшарт рәсімделді.

«Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бойынша бес ауылға Қошқарата, Көлтоған, Ертай, Шақпақата, Т.Дүйсебайұлы ауылдарының ауызсу жүйесінің құрылысына 1 218 391,0 мың теңге қаржы қаралған. Мердігер анықталып, келісімшарт жасалды.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 2020 жылғы 05 сәуірдегі  құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартқа сәйкес жеңімпаз болып анықталған «Байсын-А» ЖШС-мен1 345,9 млн теңгеге келісімшарт жасалып, 7 жоба, 10 елді мекенге (Теріс, Ақбастау, Шыңбұлақ-Майбұлақ-Қосмұрат, Алатау, Жұрымбай, Сұрым-Теріс-Ащыбұлақ және Ынтымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Жуалы ауданында соңғы онжылдықта елдімекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүрді деп айтуға болады. Жуалы ауданында 49 елді мекен бар, оның газдандырылғаны 30 елді мекен немесе 61%. Қалған 19 елді мекенді газбен қамту мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда десек болады.

2020 жылға жеті ауылға, атап айтқанда, (Қаратас, Ертай, Көлтоған, Рысбек батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған) ауылішілік газ құбырларын тарту үшін ЖСҚ әзірлеуге 35 835,7 мың теңге қаралған. Рысбек Батыр, Ақтасты, Қошқарата, Қызтоған ауылдарының ЖСҚ-сын әзірлеу бойынша мердігер «КазЦентрПроект» ЖШС болып анықталып келісімшарт жасалды. Қаратас, Ертай, Көлтоған ауылдарының ЖСҚ-сын әзірлеу мердігер «Табыс-Жоба»ЖШС  анықталып келісімшарт жасалды. ЖСҚ әзірлеу жұмыстары басталды.

2020 жылдың қаңтар – маусым айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 1 890,7 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 109,4% пайызға орындалды.

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2020 жылдың қаңтар – маусым айларында 3 649,3 млн теңгені құрады. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 26,9 пайызға артып отыр.

Жеке тұрғын үй салушылардың есебінен 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында жалпы алаңы – 6 857 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер аула құрылыстарымен бірге қабылданды. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда111,7 пайызға орындалып отыр.

«Жол – экономиканың күретамыры» дейтін болсақ, биылғы жылы аудандық мәндегі «Дихан ауылына кіреберіс» ұзындығы 1,606 шақырым автомобиль жолын орта жөндеу бойынша қаралған қаржы сомасы 27 877,0 мың теңге. Жеңімпаз мердігер «ЖамбылДормостСтройСервис» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, жұмыстар тамыз айында басталады. Ал аудандық мәндегі «Нұрлыкент-Теріс»-1,04 шақырым автомобиль жолын орта жөндеу бойынша  қаралған  қаржы сомасы  18 302,9 мың теңге. «ЖамбылДормостСтройСервис» ЖШС жұмыстарды толықтай аяқтады.

 

Білімді мыңды жығады

 

Білім саласында ауданда ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер бар.

Аудандық білім бөліміне қарасты жалпы 76 білім мен тәрбие беретін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру және мектептен тыс білім беру ұйымдары қызмет етеді. Оның жалпы орта білім беретін мектептер саны 39.

2019-2020 оқу жылында аудан бойынша жалпы білім беретін39 мектептің барлығы компьютендірілген. Аудан бойынша компьютерлердің саны 1895 дананы құрайды. Аудан бойынша жеті оқушығабір компьютерден келеді.

Жуалы ауданы бойынша 2019 жылы өткізілген ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы: 2019-2020 оқу жылында білім бөліміне қарасты қарасты 29 орта мектептен 719 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде-697, орыс тілінде 22 оқушы мектептің толық курсын аяқтады.

 

 

Денсаулық сақтау саласына тоқталар болсам, ағымдағы жылдың алты айында ана өлімі болған жоқ, сәби өлімі бойынша үш жағдай орын алды. Бала өліміне әкеліп соқтырған баланың іштен туа біткен ақауының асқынуы, тұншығудың ауыр дәрежесі және перинаталдық кезеңнің ауруы.

2020 жылдың ІІ тоқсанының қорытындысы бойынша дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны 16 401 адамды құрап, жалпы халықтың 31,0% құрады.

Аудан бюджетінің кірісін молайту мақсатында ауданда мемлекеттік бюджеттің кірістер жоспары7 871 303,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 7 982 631,4 мың теңгенемесе101,4 пайызға орындалды.

Аудандық жергілікті салықтарының жоспары 686 902,0 мың теңге болса, нақты түсіп отырғаны 798 230,1 мың теңге орындалуы 116,2 пайыз немесе 111 328,1 мың теңге артық түсіп отыр. Әлеуметтік салықтың кірістер жоспары 139 250,0 мың теңге болса, нақты орындалғаны 150 478,9 мың теңге, немесе 108,1  пайызға орындалды.

Әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі де еліміз үшін аса маңызды екені белгілі. 2020 жылдың жұмыспен қамту жоспарына сәйкес «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаға 4 316 адамды қамту жоспарланды. Оның ішінде: тұрақты жұмыс орындарына – 1 578 адамды және уақытша жұмыс орындарына – 1 550 адамды қамтуды белгіленді. Нәтижесінде жылдың 6 айында тұрақты жұмыс орындарына 653 азамат және уақытша жұмыс орындарына 580 азаматтар жолданды.

Ағымдағы жылдың алты айында атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген 558 отбасының 3 044 адамына 120 135,8 мың теңге көмек тағайындалып төленді.

Есепті мерзімде ауданда жалпы – 71 қылмыстық сипаты бар оқиғалар тіркелсе, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,7 пайызға кеміген, ашылу көрсеткіші 82,3 пайызды құрады. Орын алған қылмыстардың ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 31 дерек болса, оның ашылғаны 26 дерек немесе ашылуы 83,9 пайызды құрады.

Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын іске асыру бойынша ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

2020 жылға бекітілген аудандық жоспарда 9 млн 770 мың теңгеге 68 іс-шара өткізу жоспарланды. Ағымдағы жылы 379 іс-шара өткізілді. 2019 жылы барлығы  16 млн 500 мың теңгеге 9 жоба, 750 мың теңгеге 306 іс-шара ұйымдастырылып, 23221 астам адам қамтылды. 2019 жылы Жуалы ауданы әкімдігі рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыруда ерекше белсенділігі үшін Жамбыл облысы әкімінің орынбасарының Алғысхатымен марапатталған болатын. Жуалы ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандағы №11 өкімімен арнайы жобалық офис құрылып, офис құрамына алты азамат енгізіліп, жұмыс жүргізуде. Жобалық офис үшін білім бөлімінің ғимаратынан арнайы бөлме беріліп, стендпен, керекті құрал-жабдықтарымен қамтылды. Аталған бағдарлама  мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасы аясында өткізілген барлық іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіліп, осының нәтижесінде республикалық және өңірлік БАҚ беттерінде бағдарлама бағыттарын насихаттайтын сапалы материалдар жарық көрді.

«Туған жер» арнайы жобасы  бойынша ағымдағы жылға 164 млн теңгеге 10 жобаны іске асыру жоспарланды. Ағымдағы жылы «Туған жер» арнайы жобасы аясында демеушілер мен меценаттардың есебінен 16 млн 830 мың теңгеге 5 жоба іске асырылды.

«Асар» акциясы аясында жеке кәсіпкерлердің және меценаттардың  демеушілігімен тұрғын үйге мұқтаж  аз қамтылған, көпбалалы 10 отбасына үй беру жоспарланып, ағымдағы жылы төрт отбасына табыс етілді. Басқа мемлекеттерде жұмыс жасап жатқан жуалылық кәсіпкерлер аудандық орталық ауруханаға медициналық қызметкерлер жұмыс барысында күнделікті пайдаланатын жалпы құны 12 миллион 280 мың теңге болатын қорғаныс құралдарын (5000 дана «КН-95» маркалы респиратор, 5000 дана бір рет және көп рет қолданылатын арнайы қорғаныс костюмдері, бір рет қолданылатын медициналық қолғаптар) тарту етті.

«Батырды рухтандырған бұлақ» жобасы аясында 2020 жылға 3,500 мың теңге қаражат қарастырылып, Кеңес Одағының Батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туған жері Талапты ауылындағы «Момышбұлағын» туризм орталығына айналдыруды көздеп отырмыз. Сонымен бірге, «Баркуаб» ортағасырлық қалашығына қазба жұмыстарын жалғастыру мақсатында 2020 жылға алты млн теңге қаражат қарастырып отырмыз. Бұл ретте «Бауыржан ұландары» жобасы аясында өтетін әскери патриоттық клубының маңызы зор.

Сондай-ақ тамыз айында «Құлагер» сәйгүліктер фестивалін (Жастар арасында атқа міну мәдениетін танымал ету жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру), аула ойындарын (асық ату, теңге ілу т.б. ұлттық ойындар), қараша айында «Шеберлер ауылы: ата-бабаларымыздың мұрасын сақтаймыз және көбейтеміз» атты өлкетану сәндік-қолданбалы шығармашылығының аудандық көрмесін өткізу, оқушылардың қатысуымен  «Менің өлкеме саяхат» жобасы аясында аудан аумағында орналасқан сегіз киелі орынға онлайн-саяхат  ұйымдастыру жоспарланды.

Қорыта келгенде, Жуалы ауданын қай жағынан болсын түлетуге мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктер мол. Мемлекет қолдауын тиімді пайдаланып, өңірімізді өсіп-өркендеген ауданға айналдыру үшін аудан тұрғындарының бірлігі мен ынтымағы ауадай қажет. Пандемия кезінде де аудан халқының ынтымағына сызат түскен жоқ. Керісінше, жаны жомарт қалталы азаматтар әлжуаз топтағы жерлестерінің қолтығынан демеп, қолдау көрсете білді. Бұл – біздің ортақ жеңісіміз.

Осы күнге дейінгі ауданда атқарылған жұмыстардың өн бойынан жұлдызы биік жуалылықтардың қолтаңбасын анық көреміз. Өскен өңіріміздің өркенін одан әрі жайқалту үшін еңбек етіп жүргенін әрбір жуалылық азамат жақсы сезінеді деген сенімдемін.

 

Бекнұр Сатыбалдиев

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.