БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

0
136

Құрметті ұстаздар қауымы, еліміздің барша педагогтары, сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен, сонымен қатар Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қазіргі пандемияға байланысты карантин жағдайында туындаған қиындықтар да артта қалар, ел еңсесін тіктеп, білім беру саласы да бұрынғы қалыпты жайға ауысар. Осынау күндерде ұстаздар қауымының еңбегі ерен, үлесі көп. Баршаңызға жаңа оқу жылында тың серпін, жаңаша леп, шығармашылық табыстар, мықты денсаулық тілейміз! Осыдан 175 жыл бұрын дүниеге келген хакім Абай Құнанбайұлы:
“Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға”, — деп жырлағанындай, шәкірттеріңізге білім мен тәрбие беруде жалықпай, ұрпақ келешегінің кемел болуына қызмет ете беріңіздер!
Ардақты ұл-қыздар, барлық білім алушы жастар, бұл жаңа оқу жылы сендерге де табысты, сәтті, құтты болсын! XXI ғасыр — білім мен ғылым ғасыры. “Білекті — бірді, білімді — мыңды жығар” дәуірде өздеріңе көп үміт артамыз. Еліміздің дамуына үлес қосар сендерсіңдер. Оқуда озат, тәрбиеде үлгілі болатын шәкірттің тұлға болып қалыптасатыны сөзсіз. Ата-аналарың мен ұстаздарыңның үмітін ақтауды жазсын! Қиындықтарды еңсеріп, жеңіп шығыңдар. “Мен жастарға сенемін!”— деп жырлаған Мағжан Жұмабаевтың сөзі бүгінде де өзекті. Сендерге сенеміз, жастар!
Жаңа оқу жылымен бірге келетін Білім күні Қазақ еліне бақ, ырыс, құт, береке әкелсін!

 

“Qazaqstan dáuiri” газетінің,
“Мөлдір бұлақ” журналының ұжымы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.