Тхоньил» жаңа жылды атап өтті

0
862

Атырау облысының «Тхоньил» кәрiс этномәдени бiрлестiгi, ай күнтiзбесi бойынша — Жаңа жыл мерекесiн атап өттi.

Iс-шараға облыстық «Қоғамдық келiсiм» КММ-нiң қызметкерлерi, облыстық этномәдени бiрлестiктердiң басшылары мен мүшелерi және кәрiс этномәдени бiрлестiктiң Ақсақалдар кеңесi қатысты.

«Бiз жылдағы әдетiмiзден жаңылмай биыл да өзiмiздiң жаңа жыл мерекемiздi атап өтуге жиналдық. Осы мереке бiз үшiн өте қымбат мереке. Себебi, бұл күнi бiздiң кiшiлерiмiз үлкендерге өздерiнiң құрметiн көрсетiп, оларға барынша қамқорлық жасайды.

«Бүгiн өзiмiздiң этномәдени бiрлестiгiмiздiң үлкен ата-әжелерiмiздi шақырып оларға қолдан келгенше сый-сияпатымызды көрсетiп жатырмыз» — дейдi «Тхоньил» кәрiс этномәдени бiрлестiгiнiң төрайымы Ли Людмила Валентиновна.

Сондай-ақ,  мереке барысында құттықтау сөз  этномәдени бірлестіктердің төрағаларына берілді. Бұл мерекенi достықтың, татулықтың мерекесi – осындай мерекеге бәріміз жылдан-жылға аман-есен жетейік, аспанымыз ашық, достығымыз берік, сеніміміз биіктей берсін, – деп жүрек жарды лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, мерекелік шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.

 

                                                                                                         Атырау облысы әкімі аппаратының

                                                                «Қоғамдық келісім» КММ

                                                                                                       баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.