1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні

1 желтоқсан – Дүниежүзілік АИТВ/ЖИТС-пен күрес күні

Ауруды анықтаудың негізгі жолы – тексеру. Қазір кез келген адам АИТВ вирусын жұқтыруы мүмкін. Адамның вирусты жұқтырғанын немесе жұқтырмағанын ешкім білмейді. 2022 жылы Астанада 323 052 адам қаралып, 305 жұқтыру жағдайы анықталды.

«Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымының жетекшісі Айна Мұқышева: «Диагноз анықталғанда пациенттердің көпшілігінде үрей мен қорқыныш байқалады. Науқасты анықтағанда олармен біздің психологтар, жұқпалы аурулар дәрігері, әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Нәтижесінде қазір аталмыш вирусты науқастар сабырмен қабылдауда», – деді.

Науқас аурудан қорықпай ерте кезеңде емделсе, оң нәтиже көруге мүмкіндігі зор. Мысалы, вирус жұқтырған 274 жүкті әйелдің 24-і қазір үш-төрт баланың анасы.

«1997 жылдан бері 274 жүкті әйелде АИТВ инфекциясы анықталды. Диагноз расталған жағдайда біз дереу емдеуді бастаймыз. Осының арқасында олар дені сау балаларды дүниеге әкелді. Біз 184 сәбиді есептен шығардық, 54 бала әлі де есепте тұр. Өйткені әйел босанған соң 18 ай бойы нәресте бақылауда болады. Яғни ана сүтінің орнына бала сүт қоспасын ішеді. Біздің барлық ұсыныстарымызға сүйене отырып, дені сау бала туу мүмкіндігі бар», – деді АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Сәбит Әбдірайымов. Сонымен қатар ол, вирус жұқтырған 200 әйел дені сау балаларды дүниеге әкелгендігін атап өтті. Вирус жұқтырғандардың орташа жасы 20-30 жас. Бұл жалпы науқастар санының кем дегенде 54 пайызын құрайды.

Астанада қасақана әдейі жұқтыру жағдайлары да орын алып жатыр. Елордада өткен сот отырысында АИТВ жұқтырған ер адам 2,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Инфекция табылған адам ақпараттандыру туралы келісімге қол қояды. Ол өзінің диагнозы туралы білетіндіктен, бұл үшін жауапкершілік жүктеледі. Егер ол жынысты қарым-қатынасқа түссе, жолдасына АИТВ туралы хабарлауға міндетті.

АИТВ жұқтырғандарға арналған дәрі-дәрмектер тегін беріледі.

Балжан АЛЖАНОВА
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 21
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 21
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 27
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 24
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 21

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1182
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7227
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11094
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7291
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7436