Мұның бәрі де Шымкент қаласындағы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Жол картасы бойынша шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасаудан туындап отырған игі істер. 2021-2025 жылдары кәсіпкерлерді жүйелі қолдау шаралары жүзеге аспақ.
Ал «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда. 2021 жылы 21 жобаға несие берілді. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Биыл 180 жоба қаралуда.
Осылайша алдағы бес жылда 2,5 трлн теңгеге 211 инвестициялық жобасы (14 мың жұмыс орны) жүзеге асуы тиіс. Инвестициялық жобалар жоспары бойынша жаңа өндіріс орындары нақтыланған. Атап айтар болсақ, өнеркәсіп бағытында – 98, сауда – 15, ауылшаруашылығы – 98, білім – 20, тұрғын үй – 31 және денсаулық сақтау саласында 9 жоба жүзеге асады деп күтілуде. Соның ішінде 157 млрд теңгеге 47 жоба биыл іске қосылады.
Ата кету керек, «Еңбек» бағдарламасы аясында 300 шағын бизнеске қолдау көрсетілу жоспарланса, биыл нақты 58 жобаға қолдау жасалды.