«11 елді мекен газдандырылады»

«11 елді мекен газдандырылады»

Ауыз су, газдандыру, электр желілері ахуалы – халықтың жайлы өмір сүруінің бірден-бір кепілі. Бүгінде аймақтағы мемлекеттік бағдарлама мен арнайы жобалардың басым дені де осы бағытқа бұрылған. Ал нәтиже қандай? Әлеуметтік мәселелер қашан толық шешім табады? Аталған сауал көптеген қызылордалықты ойландырары сөзсіз. Осы орайда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Болатбек Ысмағұловпен сұхбаттасып, саладағы жаңалықты білдік.

– Болатбек Әбдулхайысұлы,  алғашқы сауалды ілкімді істен бастасақ. Соңғы жылдары аймақты газдандыру жүйелі жүруде. Бұл бағытта биыл қандай өзгеріс болмақ?

– Әрине, ел ахуалын саралау қашанда қаперде. Соның ішінде әлеуметтік қажет­тіліктің біріне айналған газдандыру ісі жүйелі жүргізілуде. Сөзіміздің дәлелі ретінде статистика мәліметін ұсын­ғым келеді. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша,  об­лыстың газ­дандыру деңгейі 70%-ды құрады. Оның ішінде Қызылорда, Арал, Қазалы, Байқоңыр қалалары мен 22 ауылдық елді мекен бар. Ал жыл басынан бері Қызылорда қаласына қарасты Махамбетов, Наурыз ауылдары мен Жаңақорған ауда­нындағы Бірлік, Қыраш елді мекендері табиғи газға қосылды. Жыл соңына дейін тағы 11 елді мекенді газдандыру жоспарда бар. Жоба жүзеге асса, 40 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады.

Қуанарлығы, биыл облыстық және рес­публикалық бюджеттен 26 газбен жабдықтау жобаларын жүзеге асыруға қаржы бөлінді. Сонымен қатар өткен жылы 14 жобаны жүзеге асыруға 8,7 млрд теңге бөлініп, игерілді.

7 жоба толық аяқталды. Олардың қатарында Шиелі ауданы Алғабас, Ақмая ауылы, Қазалы қаласы, Пірімов, Басықара, Жалаңтөс ауылы, Тереңөзек кентінде «Ақ дақтар («Белая пятна») жобасы бар. Бұдан өзге тағы 7 жоба жүзеге аспақ. Қармақшы ауданы Төретам кенті, Ақай, Сексеуіл 2 жоба, Жаңақорған Бірлік ауылы, Шоқай АГРС, Қызылорда қаласына қарасты Наурыз және Махамбетов ауылында газдандыру жалғасады.

2023 жылдың соңына дейін облыстың газ­дандыру деңгейін 75%-ға жеткізу жоспарлануда.

– Ауыз сумен қамту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

– Облыс бойынша 230 ауылдық елді мекеннің 198-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Мемлекет басшысы 2021 жылғы Жолдауында Үкіметке алдағы бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Осыған байланысты, 32 елді мекендегі халықты 100 пайыз ауыз сумен қамту бойынша кезеңдік жоспар жасалып, жұмыстар жүргізілуде.

2022 жылы облыстың ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту және құрылысын жүргізуге «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 11 жоба жүзеге асты. Сондай-ақ биыл 23 жобаға қаржы бөлінді.

Қазіргі таңда жаңа жобалар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жүйелі жүрсе, 83,7 шақырым ауызсу, 6,9 шақырым кәріз жүйелері мен 12 дана КНС жаңарып,  7 ұңғыма пайдалануға берілетін болады.

– Жасыратыны жоқ, жайсыз ауа райы болса, электр жарығынсыз қалатын аудандар мен қалалар әлі де бар. Негізгі себеп – желілердің тозуы. Электр желілерін жаңарту жұмысы қаншалықты табысты жүруде? Олқылықты инвес­тиция арқылы немесе бюджет есебінен шешу көзделген бе?

– Бұл мәселе көптеген жыл бойы толық шешім таппай келеді. Бүгінгі ахуал, расында, алаңдатарлық. Облыс бойынша 10 мың шақырымнан астам электр желісі мен 2 мыңға жуық трансформаторлық станциясы бар екені белігі. Солардың 70 процентінің тозығы жеткен.  Қазіргі таңда қаржы мүмкіндігі аясында жағдайды оңалтуға жұмыс жүргізілуде.

Атап айтатын болсам, бірінші кезекте жаңғыртуды қажет ететін нысандар тізімі әзірленіп, облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге бөлінді. 35 дана қосалқы станциялар жаңғыртылды, 27 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жұмыстары және 32 шақырым 10/0,4 кВ электр желілерін ауыстыру жұмыстары аяқталды.

Жалпы электр жүйесін жаңғырту ісі кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.

– Аймақ басшысының бастамасымен заманауи үлгідегі электр станциясын салу қолға алынғанын білеміз. Бұл жоба қалай жүруде? Станция жұмысын бастаса, қандай тиімді тұсы болмақ?

– Бүгінге дейін қызылордалықтар электр энергиясы мәселесіне алаңдап келді. Себебі қаладағы электр-жылу орталығы 50-60 жылдан бері үздіксіз жұмыс жасағандықтан, электр желілерінің де әбден тозығы жеткен. Бұл сөзсіз электр жүктемесіне салмақ салады. Осыған байланысты аймақ басшысы Сыр елінде бұрын-соңды болмаған заманауи үлгідегі жылу-электр орталығын салу туралы ұсыныс айтқан болатын. Өткен жылы осыған байланысты «Акса Энерджи» түрік компаниясымен жаңа жылу-электр орталығын салу туралы келісімге қол жетті. Тіпті «Акса Энерджи Уретим Аноним Ширкети» компаниясының Қызылорда қаласында филиалы ашылды. Бас жобалаушы ретінде швейцариялық «AFRY»  компаниясы таңдалды.

Халық көкейінде «Жоба қандай нәтиже береді?» деген заңды сауал туындайтыны анық. Бұл жылу-электр орталығы бой көтерсе, 240 МВт электр энергиясын және 277 Гкал жылу энергиясын шығаратын болады. Нәтижесінде аймақ электр энергиясына тәуелділіктен арылып, өңірдің энергия қауіпсіздігі сақталатын болады.

Ендігі мақсат – жылу-электр орталығының сапа деңгейін түсірмеу. Жобаға озық тех­нологияларды қолдану мақсатында амери­калық General Electric, Siemensсекілді ірі өндіруші неміс компаниясы келіссөздер жүргізіп, келісім шарттар жасалды.Қазір жылу-электр орталығы салынатын жерін тазарту, тегістеу, инженерлік-геодезиялық жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес, нысан 2025 жылы ел игілігіне берілмек.

– Жылу сапасы – ең өзекті мәселе. Байқасақ, аймақтағы жылу құбырларының тозығы жеткен. Бұл бізде ғана емес, республика көлемінде орын алатын шикілік. Оны Екібастұздағы төтенше жағдайдан-ақ аңғаруға болатындай. Жалпы облыста жылу желілерінің тозу деңгейін  төмендету үшін қандай жобалар қолға алынады?

– Жауапты деректен бастайын. Бүгінде облыстағы жылу құбырларының 47,5 проценті тозған. Өзіңіз атап өткендей, бұл – ресрублика көлемінде орын алған кемшілік. Әр өңір өз мүмкіндігіне қарай аталған мәселені шешуге кіріскен. Биыл біздің облыс желілердің тозу деңгейін азайту мақсатында 8 жоба бойынша жұмыс істеуде. Қазіргі таңда тиісті қаржы бөлініп, жылу желілері жаңғыртылуда. Нәтижесінде жылу желілерінің тозуы 44,6 пайызға төмендейді деген жоспар бар.

– Аймақтағы жылу қазандықтарын газға ауыстыру қалай жүруде?

– Шығын көлемін азайту мақсатында қазандықтарды газ отынына ауыстыру ұтымды әдіс екені анық.  Осы орайда биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен 20 жобаға қаржы қаралды. Нәтижесінде 12 білім беру,  5 денсаулық сақтау, 3 мәдениет және спорт нысандардағы жылу қазандықтары  газ отынына ауыстырылады.

– Саладағы маман тапшылығын шешу үшін қандай шара қолданылуда?

– Аталған мәселе көптеген факторға байланысты туындайды. Алдымен жалақы, жұмысшылар жағдайын жасау секілді келеңсіздікті шешу қажет. Жуырда Мемлекет басшысы «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Руспубликасының заңына өзге­рістер енгізу туралы» Заңға қол қойды. Онда бірқатар  өзгеріс шеті көрінді. Заңнамаға сәйкес, энергетика кәсіпорындарының еңбек­ақы төлеу қоры тарифтік сметамен шектелген. Биыл бекітілген тарифтік смета орташа жалақы шегінде 90 мың теңгеден 170 мың теңгеге дейін өсті. Десе де, бұл аз. Алдағы уақытта да маман тапшылығын болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар жасалатын болады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ерсін ШАМШАДИН
06.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722