11 қаңтарда ауыс-түйіс болатыны сөзсіз

11 қаңтарда ауыс-түйіс болатыны сөзсіз

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында осындай пікір білдірді.

«Президент оның анонсын өзі жасады, білесіздер. 11-і күнін күтейік. Президенттің алдына түсіп, шешімдерін айтуға менің құқығым жоқ», - деген Мемлекет басышсының хатшысы бұл күні ауыс-түйіс болатынын растады.

Президент Үкіметті отставкаға жібергенін білесіздер. Барлық министрлер қазір міндетін атқарушы. Қайтадан тағайындалады. Сол кезде кімді қалдыратынын, кімді ауыстыратынын Президент өзі біледі. Үкімет қайтадан жасақталады. Ауыс-түйіс болатыны сөзсіз, айқын, рас. Қазір біздің халық ауыс-түйіс күтеді. Бірақ қазіргі таңдағы басты мақсат – тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтарымызды тұрмысын бұрынғы қалыпты жағдайына оралту. Сол бағытта қазір құқық қорғау органдары жанталаса жұмыс істеп жатыр, - деді Берік Уәли. 

Осы сұхбатта Берік Уәли Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскер бір аптаның айналасында елдеріне қайтатынын айты.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан кірген күштің негізгі миссиясы - елімізде стратегиялық нысандарды күзету. Тағы қайталап айтамын, стратегиялық нысандарды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері қорғағандықтан, біздің қарулы күштеріміздің, Ұлттық ұланның әскерлері террористер көп шоғырланған Алматы қаласы, Алматы облысы және басқа да өңірлерде солардың көзін жоюға еркін мүмкіндік алды. Яғни, біздің стратегиялық нысандарды Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскері қорғайды да, өзіміздің әскерилер барлық террористердің көзін жоюға әрекеттенді. Бұл бізге үлкен көмек болды, - деген Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы жалпы жағдай тұрақталған соң, ҰҚШҰ елдері әскерлерінің миссиясы аяқталатынын атады.

Олардың ешқайсысы қалмайды. Бірден өз елдеріне кетеді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы деген жалғыз Ресей ғана емес, өздеріңіз білесіздер. Биыл төрағалық етіп отырған Армения бар, Беларусь, Тәжікстан бар. Бұл әскердің бәрі көп тұрақтамайды. Ары кетсе бір апта көлемінде кетеді. Мүмкін, оған да жетпейді. Бәрі қайтарылады. Оның үстіне қазір біліп отырсыздар, жағдай тұрақталып келе жатыр, - деді Берік Уәли.

Баспасөз хатшысы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «нон-стоп» режимінде жұмыс істеп жатқанын айтты.

Президенттің шешімдері мен үндеулері бойынша блогосферада әртүрлі сипаттағы түсіндірмелер көбейіп кеткені рас. Осыған байланысты арнайы мәлімдеме жасау қажет деп санадым. Себебі Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетіміздегі ең жоғарғы лауазымды тұлға және Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы. Сондықтан Мемлекет басшысы дербес шешім қабылдайды. Конституциялық құрылымға нұқсан келтіруді көздеген содырлардың Қазақстанға шабуыл жасаған қайғылы күндерде де сондай шешімдер қабылдаған. Қасым-Жомарт Кемелұлы отандастарымызға арнаған өзінің үндеулерін кеңесшілерінің көмегінсіз, әдеттегідей өзі жазды. Бастан-аяқ өзі редакциялады. Осы сәтті пайдалана отырып, тағы да айтқым келеді, Мемлекет басшысының жұмысы туралы ақпаратты таратып, түсіндіруге Президенттің баспасөз хатшысынан басқа ешкімнің қатысы жоқ. Яғни, мен ғана бұл туралы нақты, ресми ақпарат тарата аламын, - деді Берік Уәли «Хабар 24» телеарнасының эфирінде. 

Сондай-ақ ол Президенттің барша жұмысты Ақордада атқарып отырғанын атап өтті.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Маңғыстауда басталып, 4 қаңтарда ауқымы кеңейіп, соңы террорлық шабуылға ұласып кеткен сәттен бастап, осы оқиғалардың бәрін Ақордадан қадағалап, жұмыс істеп отыр. Мемлекет басшысының күні-түні «нон-стоп» режимінде жұмыс істеп, елдегі жағдайды толық бақылауда ұстап отыр деп айтуға болады. Оны өздеріңіз де көріп, біліп отырсыздар, - деді Президенттің баспасөз хатшысы

10.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 310
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 933

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9006
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8401
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11627
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9384
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10611