12 мемлекеттік қызметші заңсыздыққа жол берген

12 мемлекеттік қызметші заңсыздыққа жол берген

Облыстағы 4316 мемлекеттік қызметшінің 38-і Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіргендер болса, біреуі «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Әділдік, қарапайымдылық үлгісі, жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім және оларды тәжірибеде қолдана білу, адалдық пен ашықтық қасиеттер талап етілетін мемлекеттік қызметші арнайы тест тапсырумен қызметке тағайындалатыны белгілі. Өткен жылы облыста тестілеуден өтуге 5327 азамат өтініш білдіріп, олардың 1707-сі тестілеудің шекті мәнінен өткен. Ал 3299 азамат әкімшілік мемлекеттік қызметке тест тапсырып, тестілеудің шекті мәнінен 952-сі өткен. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында хабарлаған Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Лесбек Ілебаев заңбұзушылыққа барған қызметкерлерді де атап өтті. – 2022 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бағыты бойынша 34 тексеру жүргізілді. Оның 14-і профилактикалық бақылау мен қадағалау, 20-сы жоспардан тыс тексеру. Нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзудың 368 фактісі анықталды, бұзушылықтарды жою туралы 25 нұсқама және 3 ұсыныс енгізіліп, олар толығымен орындалды.
Жүргізілген тексерулер нәтижесіне 6 азаматтың, оның ішінде 4 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды. Заңбұзушылықтарға жол бергені үшін 12 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 14 мемлекеттік қызметші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған әкімшілік істер бойынша 321 615 теңгені құрайтын айыппұлдар мемлекет бюджетіне өндірілді, – деді Лесбек Құралбайұлы. Мемлекеттік органдардың 21 басшы лауазымындағы қызметкері бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Жалпы облыста мемлекеттік қызметтің 369 түрі көрсетіледі. Өткен жылы 12 миллионнан аса қызмет көрсетілсе, оның 97 пайызы электронды түрде ұсынылған. Мемлекеттік қызмет көрсету саласында азаматтардан 61 шағым түскен. Азаматтардың бұзылған құқықтары толығымен қалпына келтірілген.Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттырып отыру да істі ілгерілетеді. Өткен жыл ішінде 1238 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланғанымен, 1234-і оқытылған. Бұл туралы толық ақпаратты ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыс бойынша филиалының директоры Рауан Садырқұлов баяндады. – Жыл қорытындысы бойынша қайта даярлаудан өткен мемлекеттік қызметшілер саны 227 адамды құрады. Ал 1112 қызметші біліктілігін арттырудан өтті. Сонымен қатар өткен жылы 20 қарашада өткізілген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы қарсаңында облыстағы сайлау учаскелерінің төрағалары мен мүшелеріне арналып «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру және өткізу кезіндегі сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында 8 сағаттық біліктілігін арттыру семинары ұйымдастырылды, – деді Рауан Нұрғалиұлы.

Қамар ҚАРАСАЕВА, Жамбыл облысы. aqjolgazet.kz
12.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 110
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 123
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 213
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 213
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 351
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 351
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 582
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 525

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9231
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8627
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11853
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9623
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10835