173 жұмыс орны ашылады

173 жұмыс орны ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков өткен жылдың қаңтар- желтоқсан айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен іске асырылған жүйелі жұмысы мен нәтижелері туралы баяндады.                – Былтыр Меркі ауданының ауыл шаруашылығы саласы бойынша 55 миллиард 705,0 миллион теңгенің өнімі өндірілді. Былтыр егін ору науқанында 92 мың 593 тонна астық жиналды. Егіс алқаптарында көкөніс-бақша дақылдары мен картоп, қант қызылшасы, мақсары егуге басымдық беріледі. Биыл Ақтоған, Сарымолдаев, Кеңес ауылдық округтерінде 3 жылыжай (бір жылыжайдың құны – 4000,0 мың теңге) салу жоспарланып отыр, құны 12000,0 мың теңге, – деді Жорабек Нұрмергенұлы. Сондай-ақ, аудан әкімі Ақарал ауылдық округінде тамшылатып суару жобасы, Жамбыл ауылдық округінде құлпынай алқабы, Меркі ауылдық округінде балық шаруашылығы қолға алынғанын жеткізді. Ауданда осы жылы 2,8 миллиард теңгеге 22 жоба іске асырылып, 173 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Аудан әкімінің сөзіне сүйенсек, «Мерагро» ЖШС-нің басшылары Тәтті ауылдық округі, Ақжол ауылынан индустриалдық алаң ашуды қолға алмақ. Жобалық құны 1 миллиард теңгені құрайтын индустриалдық алаңның аумағында жем зауыты, тауарлы сүт фермасы және балық зауыты сынды 3 жоба орналастырылады деп күтілуде. Қазіргі таңда аталған кәсіпорынға 10 гектар жер беріліп, мемлекеттік актісі дайындалу үстінде. Жоба 2023-2027 жылдары аралығында іске асырылады. Болашақта 450 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Жалпы, аудан аумағында 45 елді мекен орналасқан. Оның 41-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылса, 40-ына табиғи газ құбыры тартылған. Ал жыл басынан жұмыспен қамтуға 6930 адам қайырылып, оның барлығы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, жоспар 156,0 пайызға орындалған. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 400 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қайтарымсыз грант ретінде 253 адамға 309,9 миллион теңге берілген. Аудан бойынша ресми тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны – 500. Оның 398-і әйел болса, 29 жасқа дейінгі жастар саны – 138. Аудан бойынша халықтың әлеуметтік қорғалмаған, тұрмысы төмен санаттарының табыс көзін арттырып, кедейшілік деңгейін төмендетуге ағымдағы жылы 735,8 миллион теңге бөлінген. Ал атаулы әлеуметтік көмек былтыр 734 отбасындағы 4084 адамға 260,3 миллион теңге көлемінде төленген. Ауданның 2025 жылға дейінгі даму жоспары бойынша 2022 жылы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында 2,3 миллиард теңгеге 34 жобаны іске асыру жоспарланған. Есепті кезеңде жеке қаражаты есебінен жалпы құны 2203,5 миллион теңгеге 33 жоба іске асырылып, 361 жұмыс орны құрылған. 2023 жылы ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласында 3,1 миллиард теңгеге 29 жобаны іске асырып, 219 жұмыс орнын құру жоспарланған.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ, Жамбыл облысы
23.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 99
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 109
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 202
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 340
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 568
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 515

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9218
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8614
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11840
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9610
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10823