20 жылдан бері көлік жөндейтін әйел

20 жылдан бері көлік жөндейтін әйел

«Техниканың тілін меңгеріп, көлік жөндеу – тек ер-азаматтардың қолынан келетін іс» деп ойласаңыз, қателесесіз. Өйткені қыз-келіншектер де бұл істен қалыс қалмай келеді. Мысалы, Түркістан қаласының тұр­ғыны Айзада Мейірбанова жиырма жылдан бері кө­лік жөндеумен айналысады. Бүгінде сүйікті кәсі­біне айналған. Жергілікті жүргізушілерге оның есімі жақсы таныс. Себебі темір тұлпарынан ақау шықса, Айзадаға келеді. Кейіпкеріміз ал­ғашында ті­гін­­­­­ші­лікпен, саудамен айналыс­қа­нын ай­та­ды. Алайда бұл жұ­мыс­­тар­дың қи­юын келтіре алмапты. Сөй­тіп, тех­ни­каға ебі болған соң кө­лік жөндеуді қол­ға алған.

20 жылдан бері көлік жөндейтін әйел«Мектепте жақсы оқыдым. Бітір­ген соң көп жас сияқты мен де уни­вер­ситетте білім алуды армандаған едім. Бірақ оған жағдай болмады. Со­сын тігіншіліктің оқуына түстім. Бірақ бұл жұмысты алып кете алма­дым. Үйде атам, ағаларым, інім көлік жөндейтін. Солардың қасында жүріп қы­зығушылығым оянып, техни­ка­ның тілін үйреніп алдым. 2001 жылы «Вул­канизация» ашылды. Алдымен сол жерде жұмыс істедім. Көлік жөн­деуді 23 жасымда бастадым. Содан бе­рі осы іспен айналысып келе жа­тыр­мын. Құдайға шүкір, еш өкін­бей­мін. Адам жұмысын бар ынтасымен іс­теуі керек. Ерінбей еңбек етсең, же­­­­місін көресің. Қабілетің мен қы­зы­ғушылығың болса, кез келген істі дөңгелетіп әкетуге болады», – дейді Айзада Мейірбанова. Айзаданың көлік жөн­дей­тін ша­ғын шеберха­на­сы босаған емес. Мұн­да жергілікті жұрт қана емес, көлігін жөн­детуге елі­міздің әр өңірінен ке­­ле­тін жүр­­­­­гізушілер де бар. Тіпті, кей­бірі алыс болса да, Ал­ма­ты, Аста­на­дан ар­найы ке­леді. Шебер күніне орта есеппен 5-6 көлік жөндей­тінін ай­тады.

20 жылдан бері көлік жөндейтін әйел

«Басында ағам екеуміз бірге жұ­мыс істейтінбіз. Қазір ол кісінің ден­­саулығы болмаған соң көбіне өзім атқарып жүрмін. Жеңіл көлік­тер­ді, «Жигули», Lexus, Opel, Hyundai, Kia, Тойота сияқты қазір шығып жат­қан жаңа машиналарды жөн­дей­міз. Осы уақытқа дейін тұрақты клиент­­теріміз пайда болды. Еліміздің әр өңірінен келіп жатады. Жолшыбай көлігі бұзылып қалғанда келетіндер бар. Олар көбіне көлігі оталмай қа­лып, сүйреп әкеледі. Қолдан келген кө­­мегімізді аянып қалмаймыз.
Жұмысты бүріккіш таза­лау­дан бас­­таған едік. Алға­шын­да шебер­ха­на­да жылы еден бол­­маған, суық еді. Қа­зір техника қа­рыш­­тап дамып жат­қан уақыт. Әр кө­ліктің жеке бағ­дар­ла­­­масы, ком­пью­тері бар. Әрқай­сы­сына арналған ком­пьютерді сатып ал­ғанмын. Ал­дымен көлікті диаг­нос­ти­каға түсіріп, қай жерінде ақау бар еке­нін анық­таймыз», – дейді ол.

20 жылдан бері көлік жөндейтін әйел

Шеберханада көлік жөндеуге арналған құрал-саймандар ре­тімен қаз-қатар тізіліп тұр. «Бір кіл­тің дұрыс болмаса, жұмыс істей ал­майсың», – дейді көлік жөндеуші. Сон­ымен қатар түрлі көлік бөлшегін де кездестіруге болады. «Көлік бөлшектерін базардан, фир­мадан түпнұсқасын аламыз. Оны әке­ліп қойған себебім, жөндеп бол­ған соң көлікке салып көрсететін бол­дым. «Айдап көріңіз, ұнаса алы­ңыз, ұна­маса басқа жақтан сатып алар­сыз» деп айтамын», – дейді шебер. Көлік жөндеуші көпшілікпен жұ­мыс істеу оңай емес екенін ай­тады. Өйткені көбі көлігі жүр­ме­геннен жүйкесі сыр беріп, көңіл күйі болмай келеді екен. Ал бұл кезде са­быр­лылық таныту маңызды.«Анаған, мынаған бардым. Ақ­шам­ды босқа құрттым. Көлігім дұрыс жүр­мей тұр» деп ашуланып келе­тін­дер бар. Әрқайсысымен сөйлесіп, ті­лін тауып, қолдан келгенше көлігін жөн­деп, жүргізіп беруге тырысамыз», – дейді көлік жөндеуші. Айзада Мейірбанованың ендігі мақ­саты – шеберханасын кеңейтіп, жа­нынан дөңгелек ауыстыратын ор­талық ашу.

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ, turkystan.kz
08.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 244
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 380
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 377
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 609
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 551

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9253
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8650
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11876
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9647
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10859