🔰2023 жылдың 20-26 қараша аралығында Тараз қаласы аумағында «Борышкер – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

🔰2023 жылдың 20-26 қараша аралығында Тараз қаласы аумағында «Борышкер – 2023» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі.
🔹«Борышкер – 2023» іс-шарасының мақсаты – құқық бұзушыларға қатысты салынған айыппұлдарды барынша өндіру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажеттілігі туралы халықты хабардар ету.
🔹Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 811-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әкімшілік айыппұлдарды жеті тәулік ішінде төлесе, онда көрсетілген соманың елу пайыз мөлшерін ғана төлейді.
🔹Көлік жолындағы рейдтік іс-шаралар кезінде патрульдік полиция қызметкерлері тиісті мәліметтер базасы бойынша автокөліктердің нөмірлеріне қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Егер жүргізуші борышкерлер тізімінен табылса, көлік құралы қарызды өтегенге дейін айыппұл тұрағына қойылады.
📌Сондай-ақ азаматтар өз айыппұлдарын келесі тәсілдермен тексеруге және төлеуге болады: онлайн режимінде «Egov.kz» электрондық үкімет порталының көмегімен, екінші деңгейдегі банктердің есеп айырысу-кассалық бөлімшелерінде, сондай-ақ мобильді қосымшалардағы qamqor.gov.kz., Kaspi.kz Egov.kz. интернет-сайттары арқылы онлайн төлем жасауға болатындығын хабарлайды.
Тараз қаласының әкімдігі
23.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14402
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14327
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29470
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28100
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31635