21 тамызда бірнеше өңірде қатты ыстық болады

21 тамызда бірнеше өңірде қатты ыстық болады

Қазгидромет синоптиктерінің болжамына қарағанда, бүгін, 21 тамызда елдің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жаңбыр және бұршақ жауады, екпіні күшті жел соғады, тұман түседі. Кейбір облыста аптап ыстық әлі де сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада түнде найзағай ойнайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус аптап ыстық болады. 21 тамызда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында 35-39 градус қатты ыстық. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық пен облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық. Өңірдің батысында өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38 градус аптап ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Өңірдің солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.

Ұлытау облысында 35-37 градус аптап ыстық болады, жоғары өрт қаупі сақталады.

 

21.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 67
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 64
КӨКТЕМГІ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОСЫМША 300 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 64
 СОЗАҚ АУДАНЫНДА 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТҰРҒЫН ҮЙ ТАРТУ ЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 27

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1728
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7760
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11636
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7807
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7960