29 БАЛАҒА БАСПАНА КІЛТІ

29 БАЛАҒА БАСПАНА КІЛТІ
 
 Қордайда «Балалар жылы» аясында ата-ана қамқорлығынсыз қалған 29 балаға баспана кілті табысталған. Ал «Мейірім» жобасы аясында 102 жеткіншектің арнайы шоттарына 3,8 миллион теңгеден астам қаржы аударылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай айтты. Оның сөзінше, есепті кезеңде 66 шара өтіп, онда 32 мыңнан астам бала қамтылған.
 — «Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі», — деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Бұл дегеніміз – Президенттің өскелең ұрпақтың болашағына аса мән беріп, оларға зор үміт артатының аңғартады. Есепті кезеңде аудан көлемінде атқарылған шаруа аз емес. Мәселен, 102 жеткіншектің арнайы шоттарына 3,8 миллион теңгеден астам қаржы аударылды. Бұл – «Мейірім» жобасы шеңберінде жүзеге асты. Бұдан бөлек, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 29 балаға баспана кілті табысталды. Жалпы, бұл жылы 66 шара өтіп, онда 32 мыңнан астам бала қамтылды. Айта кетейік, бір ғана жыл ішінде еліміздің болашағы болатын ұрпағымыздың бар жағдайын жасау мүмкін емес. Президент айтқандай, жалаң ұран мен мерекелік шараларды өткізе бермей, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты істер атқарылғаны жөн. Мұның барлығы ел ертеңі үшін өте қажетті маңызды істер, — деді Дамира Маратқызы.
✅ Жиын барысында сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жөнінде де кеңінен айтылды. Аудан басшысының орынбасары барлық салада оң динамика қалыптасқанын атап өтіп, экономикалық өсім 127,8 пайызды құрағанын жеткізді. Сонымен қатар, ол өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және құрылыс салаларында даму байқалатынына тоқталды. Бұдан бөлек, салықтық түсім, жалақы мен бюджет кірістері арта түскенін айтты.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
23.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 241
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 377
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 374
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 606
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 548

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9251
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8647
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11874
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9645
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10856