3 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

3 млн гектар жер мемлекет  меншігіне қайтарылды

Өткен аптада «AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «Жер аманаты» комиссиясының кеңейтілген отырысы өтті. Партия Төрағасы Ерлан Қошанов: «Былтыр Президент игерілмей жатқан жерлерді мемлекетке қайтарып алу туралы Үкімет пен Бас прокуратураға арнайы тапсырма берген болатын. Бұл жұмысқа «AMANAT» партиясының жанынан құрылған осы біздің «Жер аманаты» комиссиясы да белсенді атсалысып келеді. Мәселен, бүгінде еліміз бойынша 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, оның нақты 3 млн гектары «Жер аманаты» комиссиясының тікелей араласуымен іске асты. Аз уақыт ішінде комиссияның «жедел желісіне» тұрғындардан 2,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның барлығы жергілікті әкімдіктермен және бейінді министрлікпен бірлесіп мұқият қаралды. 

Алдағы уақытта өңірлік комиссиялар мемлекетке қайтарылған ауылшаруашылығы жерлерінің халық арасында әділ бөлінуіне қатаң бақылау жасауы қажет. Сондай-ақ, жерді заңсыз бөлген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту және болашақта осындай фактілерге жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдау керек», – деді.  «Жер аманаты» комиссиясының мүшелері әрбір ауылдық елді мекендегі жайылым тапшылығы мен мемлекет меншігіне қайтарылған жер учаскелерінің тізбесін көрсететін интерактивті карта әзірлеуді ұсынды.

Ермек Сахариев
08.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5317
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5475
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20443
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19074
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22536