300 орындық мектеп ашылды

300 орындық мектеп ашылды
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапарында «МАИ бекеті» мөлтек ауданындағы 300 орындық мектептің ашылу салтанатына қатысты.Возможно, это изображение 11 человек
Аймақ басшысы тұрғындарды жаңа білім ордасының пайдалануға берілуімен құттықтап, Мемлекет басшысының қолдауымен жүзеге асқан, алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарға тоқталды. Соның ішінде өскелең ұрпақтың болашағы мен игілігі үшін атқарылған істердің ауқымы зор.Возможно, это изображение 12 человек, отдел новостей и текст
«Жыл басында өздеріңізбен кездесіп, жаңа мектепті
табыстағанымызға қуаныштымыз. Білім саласының бюджетін биыл 291 млрд теңгемен бастадық. Бұл қаржы жыл соңына дейін тағы да артады. Салада ауқымды жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Президент бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 21 мектеп бой көтереді. Былтыр 10 мектептің құрылысы басталды. Биыл тағы 11 мектептің іргетасы қаланады. Ұлттық жобамен Жаңақорған кентінде 600 орындық, Жаңарық ауылында 300 орындық мектеп салынуда. Возможно, это изображение 7 человек, люди учатся, детская игрушка, отдел новостей и текстОдан бөлек облыстық бюджет есебінен Байкенже ауылында 150 орындық мектеп құрылысы жүруде. Қызылорда қаласында құны 7 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын физика-математика бағытындағы 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық мектеп-интернат құрылысы қарқын алды. Жаңақорған және Шиелі аудандарында Оқушылар үйі мен Өнер мектептері салынады. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау үшін облыс орталығынан 10 млрд. теңгенің «Шығармашылық академиясын» салу қолға алынады.
Биыл Жаңақорған ауданында ауқымды жұмыстар атқарылады. Екпінді ауылында 100 орындық ауылдық клуб құрылысы басталады. Келінтөбеде жаңа спорт кешені бой көтереді. Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға арналған 24 тұрғын үй табысталады. Өзге де жоспарларымыз бар.
Бүгін табысталған жаңа білім ошағынан алдыңғы буынның ізгі жолын жалғаған білімді, талантты шәкірттер шығатынына сеніміміз мол. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті оқушыларымыз көп болсын!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Салтанатты іс-шарада сала ардагері Ізәтіллә Нәрзілдаев жерлестерін құттықтап, бата берді.
Ашылу рәсімінде нысан құрылысын салған мердігер мекеме қызметкерлері мен басталған іске жанашырлығымен, елеулі еңбегімен үлес қосқан кент тұрғындары марапатталды.
Іс-шара соңында қонақтар мектеп ғимаратын аралап көрді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
15.01.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1161
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7209
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11070
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7274
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7421