5 млн га бос жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

5 млн га бос жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі: «Министрлік қайтарылуы 2022 жылдың соңына дейін жоспарланған 5 млн (5042692,2) га пайдаланылмаған ауылшаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарын мерзімінен бұрын орындады. Бүгінгі күні жер пайдаланушылар бұрын тұрып қалған 1,8 млн га жерді игеруге кірісті. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2022 жылғы 28 сәуірде құрамына мүдделі мемлекеттік және құқық қорғау органдары кіретін жұмыс комиссиясы құрылды. Осы комиссия құрылған сәттен бастап барлық өңірлерде ведомствоаралық топтар құрылды. Биылғы жылдың 9 тамызында Қазақстан Президенті жер мәселелері бойынша тексерулер үшін ерекшелікті көздейтін Жарлыққа қол қойды, бұл пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы алқаптарын қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігін едәуір арттырды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл бағыттағы жұмыс жалғасатынын хабарлайды», – деген ақпарат таратты.

Ермек САХАРИЕВ
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5353
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5511
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20480
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19109
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22570