• Адамдар «Жақсы жұмыс дегеніміз - күн сайын ұнайтын жұмыс» деген сөзге сенеді. Бұл дұрыс емес. Жақсы жұмыс - бұл жұмыс күнінің көп бөлігін шыдамдылықпен өткізе алатын, бірақ сенің шығындарыңды жаба алатын жұмыс. Саған бір ғана жұмыс өмір бойы ұнай бермейді.
• Тым жүрекпен қабылдама. Өміріңе көмек қажет кезінде ешбір сенім қалмаса да елеме. Барлық мәселелер шешіледі.
• Дос дегеніміз түнгі сағат 2-де қоңырау шалып шақырғанда да келетін адам. Басқалары жай таныстар.
• Өміріңдегі ең маңызды адам - сенімен өз өмірін бөлісуге келіскен адам. Сондай-ақ, болашақ балаңның ата/анасы екендігіне көз жеткіз.
• Балаларың көзді ашып-жұмғанша үлкен болып кетеді. Сондықтан олармен көбірек уақыт өткіз. Олар ересек болған кезде сенімен көп уақыт бірге бола алмайды, өйткені уақыттары жоқ.
• Адам өмірінде ешқашан жұмыс аз істегеніне өкінген емес. Жұмыскер бол. Бірақ отбасыңды, достарыңды және денсаулығыңды бірінші орынға қой.
• Мүмкін ұзақ, немесе қысқа өмір сүрерсің. Бірақ қанша жасасаң да, денсаулығыңызға мұқият бол.
• Егер өмір ойдағыдай болмаса, үзіліс жасап, бәрін ойлан. Тынышталып ал, қорытынды жаса, сосын шешім шығар.
• Жүрек ауруы бар адам сияқты жаттығулар жаса және қант диабетімен ауыратындар сияқты пайдалы тамақ іш. Сонда сенде мұндай проблемалар ешқашан болмайды.
• Сенде бір ғана өмір бар. Бұл қазіргі өмір. Бір күні ештеңе жасамай, орындалатын армансыз, үмітсіз оянудан сақтан..
• Тістеріңді үнемі жуып, дәрігерге қаралып жүр. Бұл ұсақ-түйек кеңес болып көрінуі мүмкін. Бірақ сүйек - тіс, ет - көз деген сөз бар.
• Шешім қабылдаған кезде даналық сөздер, данышпандардың немесе ата-ананың айтқан әрбір сөзін орындап қажеті жоқ. Олар да сен сияқты қателесуге құқығы бар. Кеңестерін тыңда, бірақ шешім өзіңдікі болуы керек.
• Зат, мүлік, ол зат, мүлік. Дүниеқоңыз болып қажеті жоқ. Оларды бірге алып кете алмайсың. Уақыт пен естелік қымбат.
• Бүгінгі жарақаттар қартайған кезіңде шыға келеді. Егер сен өзіңді 100 пайыз емдедім деп ойласаң да, ол көбіне қартайған кезде қайта пайда болады.
• Әр сәтті бағалауды үйрен. Жас кезінде бәрін әп-сәтте алғың келіп тұрады. Сенің уақытың таусылып келеді. Сондықтан әр сәтті бағала. Достарыңа, отбасыңа және ата-анаңа уақыт бөл.
• Қызғаныш махаббатты жояды. Серіктесіңе сеніп үйрен. Егер серіктесіңе сенбесең, басқа кімге сенбексің?
• Егер сенде орындалмаған арман болса, оны жүзеге асыруға тырыс. Қартайған сайын армандар тіптен орындалмай қалады.
• Жаңа адаммен кездескенде, сен ол туралы ештеңе білмейсің. Сенің көріп тұрғаның тек ғана оның азаматтығы, жасы, жынысы, киімі. Осының барлығының еш маңызы жоқ. Өйткені сен ол туралы ештеңе білмейсің. Сырты жақсы болсын, жаман болсын мейлі, сен оның ішкі әлемін білмегендіктен сен ол адамды танымайсың!