7 пайыздық жеңілдетілген ипотека қашан іске қосылатыны белгілі болды

7 пайыздық жеңілдетілген ипотека қашан іске қосылатыны белгілі болды

Азаматтардың әртүрлі санаты үшін ипотекалық тариф әртүрлі болады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда 7 пайыздық жаңа ипотеканы іске қосуға дайындық жүріп жатыр. Ол бағдарлама биыл сәуір айының аяғында немесе мамырдың басында іске қосылады, деп хабарлайды.

Krisha.kz жазуынша, азаматтардың әртүрлі санаты үшін тариф әртүрлі болады.

Әзірге бағдарламаның нақты шарттары айтылмады. Дегенмен белгілісі:

  • 7% - азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына арналған көрсеткіш. Ол санаттарға көпбалалы отбасылар, жетім балалар, мүгедектер және т.б. жатады.
  • Қалғандары үшін – 9%.

Алматы мен Астанада несиенің ең жоғары сомасы 30 миллион теңгені құрайды.

Өзге аймақтарда – 18 млн теңге.

Тек Астана, Алматы, Шымкент және 17 қалада – облыс орталықтарында бастапқы баспананы сатып алуға болады. Атап айтқанда: Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Қонаев, Павлодар, Петропавл, Семей, Жезқазған, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен.

  • Қалған елдімекендерде – кез келген тұрғын үйді: бастапқы, екінші нарықтан, соның ішінде жеке үйлерді сатып алуға рұқсат етіледі.

Осылайша, ипотека тек моноқалаларға ғана емес, Қазақстанның барлық елдімекендеріне есептелетін болады.

Еске салайық, 15 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырысында Үкіметке Қазақстанда, оның ішінде ауылдар мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін жаңа қолжетімді ипотеканы әзірлеуді тапсырған еді.

Сондай-ақ кеше үкіметте жаңа ипотекаға қатысты мәліметтер жарияланды:

Жаңа ипотекалық бағдарламаға Отбасы банкі жауапты болады. Ол арқылы 300 млрд теңгеге ипотекалық қарыз беру жоспарланып отыр.

Бірінші жылы 12 мың отбасы несие ала алады. Ипотека мерзімі әлі белгісіз.

Қатысушылар:

  • жұмыс істейтін жастар;
  • жас отбасылар;
  • тұрғын үй төлемдерін алушылар;
  • банк салымшылары;
  • моноқалалардың, аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындары;
  • ақша жинау бойынша міндеттемесі жоқ тұрғын үй кезегінде тұрғандар;
  •  
Qaz365.kz.
19.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 129
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 320
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 313
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 937

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9010
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8405
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11631
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9389
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10615