8 жыл күткен алтын қоржынымызға түсті!

8 жыл күткен алтын қоржынымызға түсті!

Өткен жұмада ХХХIII жазғы олимпиадалық ойындар басталды.

Франция өз тарихында үшінші рет осы ұлы доданы өткізіп жатыр. Жан алып, жан беріскен жарыстар Париждің үлкен Париж, Версаль және орталық Париж аудандарында өтіп жатқанын естеріңізге салып өтейік. Көптеген ауқымды жарыстар Париждің сыртында өтсе, футбол матчтары Францияның алты қаласындағы (Марсель, Бордо, Лион, Сент-Этьена, Нтиша, Кент) стадиондарын дүбірге толтыруда. Бұл салтанат стадионда емес, ашық кеңістікте өткенімен ерекшеленді. 

Биылғы олимпиада бағдарламасында 32 спорт түрі бар. Жарқ-жарқ еткен 329 медаль жиынтығы сиқырымен көңілді жаулап тұр. Бұл Токио олимпиадасынан 10 медальға кем. Себебі бұрынғы спорт түрлерінің жалпы 20 бағдарламасы тізімнен шығарылып тасталыпты.

Қазақстан биыл дербес тәуелсіз мемлекет ретінде сегізінші рет жазғы олимпиадаға қатысып отыр. Бұған дейін біздің спортшыларымыз 14 алтын, 22 күміс, 35 қола – барлығы 71 жүлде жеңіп алған. Токио олимпиадасында ғана алтыннан алқа таға алмай қайтқанбыз. Осы олимпиада да қазақстандықтар ең аз құраммен өнер көрсетуде. Бар болғаны 80 спортшы. Негізі біз спорттың бокс, күрес сияқты түрлерінен алтынды көп алдық. Биыл да үмітіміз зор. Мінеки сол үмітіміз ақталып, алғашқы алтын медаль әп дегеннен қоржынымызға топ етіп түскенде қуанбаған, шаттанбаған отандасымыз жоқ болар деп ойлаймыз. Бірақ алтыннан алқа таққан Елдос Сметов бауырымыз қуаныштан жылап тұрып бұл тамаша жеңіске оңайлықпен жетпегенін айтты. Үш олимпиададан сатылап жеткен жеңіс! Алдымен қола, Токиода күміс, енді алтын!

– Мен Парижге келем деп ойлаған жоқпын, – деді бес баласы бар Елдос Сметов тебіреніп. – Бәрін жиып қойып өзімнің үй ішілік тіршілігімді жалғастырсам деп әу баста жоспарлап қойғанмын. Әке-шешем, одан қалды бауырларым, жарым қолқалап қоймады. Олардың өтініштеріне құлақ астым. Мінеки Аллам қолдап, ақсақалдардың, әке-шешемнің баталары, тілектері жүзеге асып жеңіске жеттім, алтыннан алқа тақтым. Шүкір Аллаға!

Шүкір, шүкір Аллаға, қуанышымыз ұзағынан сүйіндірсін! Жалпы бұған дейін күрестен 1 алтын, 5 күміс, 11 қола алып, алдыңғы сапта тұр екенбіз. Жұдырықтасу жампоздары әзірге жүлде алудан шаңын көрсетпей тұр: 7 алтын, 7 күміс, 10 қола! Биылғы олимпиадаға да «сен тұр, мен атайын» дейтін жігіттер мен қыздарымыз келіп отыр. Аллам қолдасын! Бізді құртқан – допинг деген бәле. Әйтпесе ауыр атлетикадан жұлдызымыз жарқырап жанып тұрар еді. 

Париж олимпиадасындағы тағы бір қуанышымыз – 12 қазақстандық маман төрешілік етеді. Мұның өзі де зор жетістік деп білеміз. Сонымен міне, олимпиада басталғанына бір аптадай уақыт өтті. Бүкіл әлем жанкүйерлерімен бірге біз де Парижге көз тігудеміз. Қазір Сена жағалауы дүбірге толы. Тағы да алтын алсақ деген ақ тілектің үстіндеміз. Спорт деген бір сиқырдың арқасында Қазақстанды әлем таниды. Кәнеки, қарап отырмайық, дұға жасайық. Намысын жаныған спортшыларымызға Аллам күш-қуат, рух берсін! Әумин!

ЖЕҢІМПАЗДЫҢ КӨЗ ЖАСЫ немесе балуан Елдос Сметовке қаһарман атағы не үшін берілуі керек?

Бұл күн – бүкіл Қазақ елі үшін ақ түйенің қарны жарылған күн;  Бұл күн – бүкіл Қазақ елі ақсарбас айтып, бір-бірінен сүйінші сұрайтын күн; Бұл күні бүкіл төрткүл әлем тақымын қысып, көз тігіп отырған Париж төрінде Қазақтың көк туы желбіреп, әнұраны шырқалды; Бұл күні Елдос Сметов дзюдо күресінен қазақ елінің тарихындағы тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Қазақ баласы осы спорт түрінен тарихта алғаш рет алтыннан алқа тақты.

Бұл алтынды қазақ жұртшылығы 44 жыл күткен еді. Ол, садағаң кетейін, Елдосқа бұйырыпты.

Елдос нағыз ер екен. 60 келі салмақта белдескен қазақ спортшысы ақтық сында кілем қожайыны француздың үміті Лука Мхеидзені ойынды тамашалауға келген Франция президенті мен өз көрермендерінің көз алдында жерге алып ұрып, жеңісті жұлып әкетті. Сөйтіп, ол бір-ақ сәтте Париж олимпиадасының қаһарманына айналды. Әрине, бұл бүкіл Қазақ елі үшін үлкен абырой, зор мақтаныш.

 

 

Ертай Айғалиұлы
01.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 245
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 241
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 743
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 866
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 779

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8936
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8330
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11558
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9315
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10542