9 айдың жұмыс қорытындысы

9 айдың жұмыс қорытындысы
2023 жылдың 9 айында Жамбыл облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 512 өтініш келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 223 өтінішке артық. Өтініштердің өсуі 77% - құрайды.
Оның ішінде: жазбаша -216 өтініш, азаматтарды қабылдау кезінде -82 өтініш, жедел желі телефонына-187 өтініш, телеграммбот арқылы -12 өтініш.
Тұтынушылардың шағымдарының негізгі саласы-бөлшек сауда саласында - 229 өтініш немесе олардың жалпы санының 44,7%. Екінші орында - электрондық сауда - 76 өтініш, «көшбасшылар» үштігінде- тұрмыстық қызмет көрсету саласы бойынша -51 өтініш.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 3-ші орынды иеленген ТКШ саласындағы өтініштерді тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы шағымдардың саны басып озды.
Бөлшек сауда бойынша түскен шағымдарда сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан, соның ішінде 14 күнтізбелік күн ішінде тауарды қайтару мен айырбастаудан бас тарту басым болып отыр.
Электрондық сауда саласында тұтынушыларды алдаудың өсуі байқалады (кәсіпкерлердің төленген тауарды не қызметті ұсынбауы).
Тұрмыстық қызмет көрсету саласында жиһаздың, сондай-ақ пластикалық терезелер мен есіктердің сапасыз өндірісі басым.
Департаментке келіп түскен өтініштердің жалпы санынан 323 өтініш қанағаттандырылды, бұл 67,8% құрайды, тұтынушыларға 26,4 миллион теңге қайтарылды, 30 өтініш құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органдарға жіберілді. 159 тұтынушы өз мәселелері бойынша түсініктеме алды.
Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2023 жылдың 9 айында тұтынушылардың өтініштері негізінде бизнес субъектілеріне жоспардан тыс 44 тексеру жүргізді. Оның ішінде сауда саласында 33 тексеру (ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің мөлшерін асыруы), тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында 11 тексеру (тұтынушының жазбаша шағымына жауап бермеу).
Тексеру нәтижесінде 31 бұзушылық анықталып, 31 ұйғарым енгізілді. 30 құқықбұзушылық субьектілеріне ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды және ӘҚБтК-нің 204-4-бабы бойынша шағын бизнес субъектісіне 10 АЕК мөлшерінде 1 айыппұл салынды. Бұдан басқа, ӘҚБтК-нің 802-бабының негізінде 2 айыппұл салынды, оның ішінде ірі бизнес субъектісіне 30 АЕК және шағын бизнес субъектісіне 6 АЕК. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 158 700 теңгені құрайды.
2023 жылдың 9 айында Департамент талап-арыз жұмысы бөлігінде жауапкер ретінде 2 сот процесін жеңіп алды, сондай-ақ 3-ші тұлға ретінде 4 сот процесіне қатысты, нәтижесінде тұтынушыларға 1 562 000 теңге қайтарылды.
Департамент өңірлік БАҚ, радио, теледидар, Инстаграм және Фейсбук әлеуметтік желілерінің беттерінде материалдарды орналастыру арқылы халық арасында белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
9 айда әлеуметтік желілерде 313, БАҚ-да 18 ақпарат жарияланды, Департамент қызметкерлерінің облыстық теледидар арналарында 12, облыстық радиода 3 сұхбат беру ұйымдастырылды.
Департаментте үнемі ашық есік күндері, яғни Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында тоқсан сайын облыстың БАҚ өкілдері үшін түрлі мәселелер бойынша брифингтер өткізіліп, департамент қызметкерлерінің тарапынан облыстық теледидар мен радиода сұхбат беру жұмыстары және бизнес өкілдері үшін дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен тұрақты негізде жұмыс жүргізеді. Тұтынушылардың өтініштерін бірлесіп қарау ұйымдастырылып, бірнеше рет бірлескен семинарлар, брифингтер, дәрістер және т. б. өткізілді.
ҚР СИМ ТҚҚК Жамбыл облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті
11.10.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 73
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 110
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 111
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 73
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 219
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 224
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 438
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 402

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9096
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8495
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11722
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9488
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10703