Абайла, жаныңда «тірі өліктер» жүр…

Абайла, жаныңда «тірі өліктер» жүр…

Жемқорлар халықтың қазынасын, байлығын жеу үшін небір құйтырқы әдіс-тәсілдерді қолданады. Олардың құрық бойламайтын жымысқылығына, қулығына, сұмырайлығына, залымдығына таңғаласың. Оларды, әрине, сіз менен гөрі жақсы білесіз. Бірақ мына сұмдық әдіс-тәсілді біреу білсе, біреу білмейді ғой деп ойлаймын.

Алдымен соларға ұқсас Ақтөбеде болған мына оқиғаны айта кеткім келеді. Бір көпбалалы ананы (атын айтпай-ақ қояйын), Халыққа қызмет көрсету орталығы болу керек, осыдан екі жылдай бұрын өлгендердің тізіміне қосып жіберіпті. Ол байғұс ана мемлекеттік орындарға барып шаруасын бітірейін десе, бұған үрейлене қарайтын болыпты. Өйткені ол өлгендердің қара тізімінде ғой. Әрине, анасы «өлген» балалардың ай сайынғы төлемдері де кілт тоқтаған. Жылап-еңіреген ана қайта «тірілейін» десе, қай жерге барса да тосқауылға ұшырайды. «Ана құжатты әкел, мына құжатты әкел» деп әбден зықысын шығарады. Сол келіншек небір табалдырықтарды тоздырып әлі жүр. Оны «өлтіргендер» кім? Бұл масқара оқиғаны қазір Қазақстан түгілі бүкіл әлем біледі. Өңірдегі, қаладағы заң орындары, шенеуніктер қайда қарап отыр? Ең бастысы айдың-күннің аманында оны «өлтіру» кім үшін керек болған, не үшін? Әлде бұның сыртында біреулер әйелдің атын пайдаланып бір нәрсе істеп жүр ме? Әйтпесе жер басып жүрген Қазақстанның азаматшасын қайта тірілтуге тиісті орындар неге асықпайды? 

Түсініксіз… Иә, біздің елімізде мұндай түсініксіз жайлар жетіп артылады. Жемқорлар, жегіштердің ішінде адамды «тірілтетін» «құдайлар да» бар. Мәселен бір адамдар өледі, оны қайта «тірілтіп» айлық алатын тізімге кіргізіп қояды. Сөйті-іп ай сайын әлгі адам тірілткіш қожайын «өлі» қызметкерінің айлығын қақшып алып қалтасына басады. Міне, қандай айла! Өзі «құдай» болған соң, олар Құдайдан да қорықпайды, осылай бір құлқыны үшін қылмысқа да, басқа өрескел адам нанғысыз жайларға да бара береді.

Біздің тағы да бір түсінбейтін нәрсеміз бар. Адам «тірілткіштер» мен «өлтіргіштер» топ-тобымен ұсталып, сотталып жатыр. Бірақ олар түрмеден қорықпайды. Қорықпағаны да, жемқорлар елімізде көбейген үстіне көбейіп барады. Неге? Осы сұрағымызға кім жауап берер екен? Біздің бір күдігіміз бар. Жемқорларда не көп, ақша көп. Бізде, өздеріңіз білесіздер, бәрі ақшаға сатылады. Түрменің бастығы да, сотта, бәрі де (әлбетте, араларында бірен-саран адал азаматтар болуы да мүмкін) сатылады. Арғы жағы айтпаса да түсінікті. Сонымен байқаңыздар. Арамызда осындай «адам тірілтетіндер» бар. Олар бар болған соң, кеше бұл фәниден кеткендердің ішінде «тірі өліктер де» жүреді емес пе? Жүргенде қандай! Сондықтан ол «өліктер» айлық алып жүрсе, таңданбай-ақ қойыңыз. Мұндай жемқорларға тосқауыл қоймай, Әділетті Қазақстан ешқашан орнамас. Ал сіз бұған не дейсіз?

 

ЕРТАЙ АЙҒАЛИҰЛЫ
28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 59
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 584
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 699
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 613
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 622

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8758
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8158
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11387
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9141
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10372