🔰ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ №3 БАЙЗАҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖӘНЕ БІЛІМГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

🔰ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ №3 БАЙЗАҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖӘНЕ БІЛІМГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
🔷Әдеп жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізу аясында кеңес мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі-инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры С.Ж.Салемов №3 Байзақ колледжінің оқытушылық құрамымен және білімгерлерімен кездесті.
🔶Іс-шара барысында болашақ мемлекеттік қызметшілер білім алып жатқан оқу орнында өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін және парасаттылық атмосферасын қалыптастырудың маңыздылығы, сондай-ақ жалпыға бірдей моральдық-әдептілік нормалардың сақталуы сөз етілді.
🔷Одан бөлек, мемлекеттік қызметтің және мемлекет саясатын жүзеге асыратын әрбір мемлекеттік қызметшінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Әдеп жөніндегі кеңестердің рөлі жөнінде жас білімгерлерге тың ақпарат берілді.
🔶Сондай-ақ, спикер жастарды құмар ойындардан алшақ болуға шақырды.
🔷Жиын соңында Серік Жақсылықұлы қатысушыларды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, әдептілікті күнделікті әдетке айналдыруға шақырды.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті
25.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14418
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14341
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29484
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28113
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31648