Әділет Алмат – шемпион!

Әділет Алмат – шемпион!

Дзюдодан Испанияның Ла Нусия қаласында өтіп жатқан Еуропаның ашық кубогында Қазақстан құрамасының балуаны Әділет Алмат чемпион атанды.

Отандасымыз 81 келіде белдесіп, турнир барысында 6 кездесу өткізген. Ол алғашқы белдесуінде германиялық Томас Петерден, 1/16 финалда Наик Херковичтен, 1/8 финалда болгар балуаны Христо Валковтан басым түсті. Ал ширек финалда Бразилия дзюдошысы Энзо Тромбинидің осал тұсын таба білді. Жартылай финалда испан спортшысы Жорге Кано Гарсиядан айласын асырса, финалда неміс балуаны Тимо Кавелиусты қапы қалдырды. Айта кететін жайт, Қазақстан құрамасы аталған сынға толық құрамда сынға түскен жоқ. Әділет Алматтан бөлек, 90 келіде белдескен Нұржан Бисенов жарысты екінші айналымнан бастап, Франция өкілі Тео Хербиерге есе жіберді.

Қазақстан дзюдошылары мамыр айы басталғалы бері 4 турнирде күресті. Айдың алғашқы онкүндігінде отандық татами шеберлері Душанбе және Астана Гранд Слэмінде сынға түссе, 10 мамырда Ислам Бозбаев Грузияның Гори қаласында өткен Еуропаның ашық кубогында қола жүлдеге ие болды.

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
22.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 320
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 466
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 313
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 165

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18231
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18091
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33279
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31829
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35535