АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

АГРОСАЛАДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы агросаланың дамуымен тығыз байланысты. Сондықтан да ауыл шаруашылығы – ел экономикасының сәтті дамуына ерекше серпін беріп отырған негізгі драйверлердің бірі екендігі даусыз.
Жамбыл облысы ауыл шаруашылығын жүргізуге өте қолайлы аймақ болғандықтан өңірдегі 18 мыңнан астам шаруашылықтар жыл сайын масақты дәнді дақылдар мен майлы дақылдар, картоп, қант қызылшасы мен мал азығы және көкөніс-бақша дақылдарын егіп, ел ырыздығына айналдырып келеді.
Дегенмен, асыраушы салада шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. Ал, анықталған мәселерді шешудің жолдары қандай? Осы сұрақтар төңірегінде бүгін «Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселер» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
«Қазақстан Халық партиясы» Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен, ауыл шаруашылығы басқармасының қолдауымен өткен жиында «Қазақстан Халық партиясы» Жамбыл облыстық филиалының төрайымы Жанат Бастаубаева ауыл шаруашылығындағы мәселелер күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.
– Біздің партия қашанда ауыл шаруашылығынан бастау алатын барлық салаға қатысты жайттарға бей-жай қарап қалмайды. Экономиканың ең маңызды саласының бірі – ауыл шаруашылығы болғандықтан, өңіріміздің агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндеттер көп. Сондықтан ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты дамыту, нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үлкен нәтижеге жету үшін жүйелі жұмыстар жүргізу қажет, – деді Жанат Абдуалиқызы.
Одан кейін сөз алған басқарма басшысы Нұрби Жігітеков атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндап, күн тәртібіндегі мәселелер тұрақты бақылауда екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Олжас Көкей, жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Біржан Башанов және ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы, қайта өңдеу, инвестиция бөлімдерінің басшылары өз салаларындағы өзекті мәселерге тоқталып, оларды шешудің жолдарын тілге тиек етті.
Жалпы жиын барысында көтерілген барлық мәселелер жан-жақты қаралып, ұсыныс-пікірлер талқыланды және партия өкілдері олардың шешілуіне ат салысатындарын жеткізді.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы
27.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Торқалы той қарсаңындағы марапаттар
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 28.09.2023 65
ӘСКЕРГЕ БАРУ- АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ
Шу ауданы әкімдігі - 28.09.2023 43
Пресс-релиз
- 28.09.2023 17
Ұлт рухының жаршысы еді...
Ерболат САУРЫҚОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор. - 28.09.2023 66
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 842

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 2573
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 2404
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 2512
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 2492
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 2540