Соңғы жылдары ауданымыздағы бірқатар ауылдарда «Иррегациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру» бағдарламасы аясында каналдар күрделі жөндеуден өтіп жатқаны белгілі. Сол арқылы шалғай елді мекендерге ағын су жеткізу мәселесі толық шешілмек.
Қазіргі таңда аталған құрылыс жұмыстарын ирандық «ЗАО Туннель садд Ариана» компаниясы жүргізуде. Осыған орай, аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков жұмыстың аяқ алысы мен алдағы жоспарын саралау мақсатында компания басшылығымен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқы.
Бүгінде жөнделуі тиіс 15 каналдың 9-ы аяқталып отыр. Тиісінше, құрылысы аяқталған бірқатар каналдарға келесі жылдың егіс науқанында ағын су жіберілетін болады. Сонымен қатар, құрылысы аяқталмаған каналдарға қосымша қаржы бөлу мәселесі де талқыланды. Ол үшін жауапты министрлік өкілдерімен тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.