Аида Балаева Тери Хакаламен кездесті

Аида Балаева Тери Хакаламен кездесті

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Еуропа Одағының Орта Азия бойынша арнайы өкілі Тери Хакаламен кездесіп, оны Еуропа Одағының Орта Азия бойынша арнайы өкілі лауазымына жақында тағайындалуымен құттықтап, оған жемісті жұмыс тіледі. Сондай-ақ, министр Тери Хакала ханымды министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Т. Хакала өз кезегінде: «Қазақстан мен ЕО-ның қарым-қатынасы өте жоғары деңгейде.  Қазақстан – ЕуроОдақтың Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. Сіздің министрлігіңіздің рөлі маңызды. Біз қоғамдық маңызы бар жобаларды, соның ішінде алдағы «Орта Азия – ЕО» Азаматтық форумын іске асыру үшін ЕО институттары мен Орта Азия мемлекеттері арасындағы диалогты қолдауға мүдделілік білдіреміз»,— деді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа бейіл білдірді.

Ермек Сахариев

Ермек Сахариев
23.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14135
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14082
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29221
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27863
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31388