Айдын Қайратұлы: САЛЫМШЫЛАРҒА ТИІМДІ ЖОЛ ТАБАМЫЗ

Айдын Қайратұлы: САЛЫМШЫЛАРҒА ТИІМДІ ЖОЛ ТАБАМЫЗ

Азаматтарды баспанамен қамту жолдарының бірі ретінде тұрғын үй нарығында жұмыс істеп келе жатқан кооперативтердің қатарында өзіндік нәтижелері бар «AMANAT HOME» атты компания бар. Біз бұл жайында осыдан бұрын да бірнеше рет материалдар жазып, оқырмандарымызды құлағдар еткен едік. Яғни салымшыларды 10 жылға дейін бөліп төлеуге пайызсыз несие беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік жоба болып табылады. Аталмыш компания 2018 жылы Алматы іргесіндегі Талғар қаласында ресми тіркеліпті. Мемлекеттің «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңдары аясында қызмет ететін бұл компания 4 жыл ішінде еліміздің түкпір-түкпіріндегі «AMANAT HOME»-ға сенім артқан азаматтармен 3500-ден артық келісімшарт жасап үлгерген. Кооператив талаптарына сай, жұмыс істеуге ниет білдіргендердің алды баспаналы бола бастаған. Қазірге дейін олардың ұзын саны 600-ден асыпты. Жақында осы компанияның атқарушы директоры Айдын Қайратұлы Айтпаевпен жолығып, аталмыш кооперативтің айналасында болып жатқан кейбір мәселелер туралы сұрап білген едік.

– «АМАНАТ HOME» туралы қазірге дейін бірнеше материалды оқырман назарына ұсынған едік. Жалпы жұмыстарыңыз қалай дамып жатыр?

– Иә, «Qazaqstan dauiri» газетінде бірнеше материал басылып шықты. Біз қазіргі таңда өзіміздің бетке алған бағытымыз бойынша ілгерілеп келеміз. Халықпен тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Яғни жетістіктеріміз бен жақсы нәтижелерімізді өз серіктестерімізге дәлелдеп отырмыз. Осының арқасында жүздеген отбасылар біздің себепкер болуымызбен қоныс тойын тойлады. Ал соңғы кездері біздің компанияның жұмысына күдік келтіретін кейбір ақпараттар таралып жатқандығын жасырмаймын. Өкінішке орай, халықтың арасына іріткі салып жүрген адамдар да бар. Біз туралы жалған ақпараттарды қарша боратып, салымшыларымыздың басын қатырып жатыр. Халық кейде солардың сөздеріне сеніп, бізге келіп, серіктестікті бұзу туралы арыз жазып жатқандары бар. Сөйтіп таяп қалған кезектерінен айырылуда. Біз әрбір азаматтың кезегін нақты әрі жария түрде ескертіп отырамыз. Ал келісімдерін бұзғысы келгендерді үш кезекке бөліп жұмыс істеп жатырмыз. Қазірге дейін бірінші кезекте 412 адамның салымдарын қайтарып бердік. Екінші топты алдағы желтоқсанға дейін тұрақтандырып, ары қарай ақшаларын қайтарып беруді жоспарлап отырмыз. Бұл жерде биылғы тамызға дейін арыз берушілердің ақшаларын біртіндеп алдағы наурызға дейін толық қайтарамыз. Ал екінші кезектегілерді наурыздан ары қарай жиналыс ашып қарастыратын боламыз. Бұл жерде мынаның басын ашып айта кеткен жөн. Салымшылардың ойында «неге азаматтардың ақшаларын бір жолда қайтарып бермейді?» деген сұрақ туындауы мүмкін. «AMANAT HOME» қаражатты басқа жерден алмайды. Халықтың жалпы жинағаны, өзінің ішкі қаражаты. Біздің жақсы көрсеткіштеріміз бар ғой. Олардың ай сайынғы төлемдері бар дегендей. Бізде бұған қатысты математикалық және экономикалық есептеріміз бар. Соған байланысты біз ақшаларды бөліп отырмыз.

– Қазір сіздермен тұрақты түрде келісімшарт жасаған адамдардың санында өзгерістер бар ма?

– Өзгерістер бар. Қазірге дейін 3500 адам бізбен келісімге отырып, 600 адам пәтерлерін алды. Жаңа сізге айтып кеткенімдей, арандатушылардың сөздеріне сеніп, келісімдерін бұзып жатқандар бар. Осылайша салымшылар саны біраз азайды. Халық сондай арандатушылардың сөздеріне сеніп, таяп тұрған кезегінен айырылып,өздерінің қайда қалып жатқандығын білмей жатыр. Мен «AMANAT HOME»-ның басқарушы директорымын. Менің жоғары жағымда төрайым бар. Мен бұл компанияның дамуы, өркендеуі, алға қарай жылуы үшін жұмыс істеймін. Былай қарасаңыз, арандатушыларға сенген адамдар бізге келіп арыз жазады. Сөйтіп, өкінішке орай, кезектерінен түсіп қалады. 

– Сіздер компанияларыңыздың атына кір келтіріп жатқан, ақпараттық шабуылдар жасап жатқан азаматтарды заңдық жауапкершілікке тарту жағын қарастырмадыңыздар ма?

– Қазірге дейін біздің компанияның жұмысына қарата өсек-аяң таратып, адамдардың сеніміне селкеу түсірген 12 адамның үстінен құқық қорғау органдарына арыз бердік. Кейбіреулеріне «әкімшілік құқық бұзушылық» туралы шешім шықты. Арасында іске тартылғандары да бар. Қазір біздің арыздарымыз бойынша құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр. Ең бастысы бұлардың арасында осы компанияны кезінде алдап кеткен бір адам бар. Оны құжат бойынша да дәлелдей аламыз. Оның үстінен де арыз беріп, өз құқығымыз бен абыройымызды қорғап жатырмыз. Барлығы заң аясында әділ шешілуі керек қой. Ең бастысы – әділеттілік. Қазіргі таңда Президентіміздің қойған мақсаты бар Әділетті Қазақстан құру деген. Президентіміздің Жолдауларында «әр азамат үйлі болсын» деген мақсат айтылғаны белгілі. Осыған орай мемлекет басшысы «1,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу керек» дегенді ортаға тастады. Мұның барлығы бекерге айтылған сөз емес. Біз де өз азаматтық борышымызды орындап, осы компания арқылы жұмыс істеп келе жатырмыз. Ең басты ұстанымымыз әділетті Қазақстанда азаматтарымыз пайызсыз баспаналы болса дейміз. Көп кісілер осыны көре алмай ма, әлде басқаша түсіне ме, мен біле алмадым.

– Қазір тұрғын үй нарығында өзгерістер көп. Бұл жағы сіздердің қызметтеріңізге әсер етіп жатқан жоқ па?

– Біз нарыққа бақылау жасай да, өзгерте де алмаймыз. Бұл жағы түсінікті деп ойлаймын. Барлығымыз да Қазақстан Республикасының заңдарына бағынамыз. Нарықтық өзгерістерді ойластырған кезде біз ең бірінші халықтың жағдайын түсінуге тырысамыз. Өзіңіз де білесіз ғой. Конституцияның басты күші – халық. Сол секілді біздің де сүйенеріміз – салымшыларымыз. Қазір нарықта үйлер қымбаттап жатыр. Осыған байланысты оны біздің экономистеріміз жіті бақылап отыр. «Салымшылардың үй алатын уақытына байланысты бір ыңғайлы сомаға дейін үлкейтуге болады» деген мүмкіндікті қарастырып жатырмыз. Яғни нарықтағы өзгерістерге байланысты, салымшыларымызға ең тиімді болатын жолын табамыз. Бұл туралы соңғы шешімдер шыққан кезде арнайы хабарлайтын боламыз.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
17.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 63
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 588
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 703
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 617
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 627

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8763
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8162
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11391
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9145
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10376