Аймақ басшысы Тараз қаласындағы №4 аумақтық округіндегі бірқатар нысандарды тексерді

Аймақ басшысы Тараз қаласындағы №4 аумақтық округіндегі бірқатар нысандарды тексерді

Бүгін таңғы 7:30-дан 9:00-ге дейін аймақ басшысы Тараз қаласындағы №4 аумақтық округіндегі бірқатар нысандарды тексерді.

Ербол Қарашөкеев алдымен «Данқ» аллеясының жағдайымен танысып, аумақтағы көпқабатты тұрғын үй аулаларын аралап көрді.

Сонымен қатар, «Жамбыл Жылу» МКК №1 қазандығы мен бұрынғы онкологиялық ауруханаға барды.

20 тұрғын уй мен Онкологиялық диспансерді жылумен қамтамасыз ететін қазандықтың жұмысымен танысқан Ербол Қарашөкеев, қыс мезгіліне дайындық жұмыстарын бақылауда ұстау керектігін ескертті. 

Облыс әкімі «Барысхан» тұрғын алқабында салынып жатқан жол құрылысын бақылады.

Мұнда жоба бойынша жалпы ұзындығы 16,2 километрді құрайтын 24 көшені асфальттау қарастырылған. Ағымдағы жылы, бөлінген қаражатқа қоғамдық көлік жүретін 2 көше пайдалануға беріледі.

Ербол Қарашөкеев Алматы тас жолындағы көпірдің жағдайымен де танысты

Алдағы уақытта Талас өзені арқылы өтетін 2 көпірді қайта жаңғырту жұмыстары қолға алынбақ.

aqjolgazet.kz
25.09.2023

Ұқсас жаңалықтар

СМАРТФОН СЫЙЛАДЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 04.12.2023 28
Ауыл шаруашылығын дамыту  — негізгі мәселенің бірі
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 03.12.2023 28
Пікір сайыс қозғалысы
Жомарт Зұлпыхар - 02.12.2023 54
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1738

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4185
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3833
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3992
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3926
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3998