Айна Бәкеева мен Алексей Цой: Кім-кімнен қашып жүр?

Айна Бәкеева мен Алексей Цой: Кім-кімнен қашып жүр?

Былтыр Қытайдан шығып, әлемді жайлап, «наконец…» те елімізге келген тәж тәріздес тажалдың беті әлі қайтар емес. Министр ауыстырып, фармацевтикаға жауапты басшыларды соттағанмен денсаулық саласының қордаланған мәселелері шешімін тапқан жоқ. Шешімін күтіп тұрған толғақты түйіндерді сырт көзден гөрі, басы-қасында жүрген маманның айтқанының жөні бөлек. Білікті дәрігер Айна

Бәкеева – ел басына күн туған алмағайып шақта халыққа шынайы жанашырлығымен көзге түскен көпшіл тұлға. Халық алдындағы абырой-беделі, танымалдығы ресми министр Алексей Цойдан еш кем емес. Бәкееваны блогер дейтіндердің де, білімді дейтіндердің де қарасы мол. Коронавирус өршіп тұрса да, мектептер дәстүрлі форматта оқуға көшкелі отырған екіұдай кезде, «халықтық министрмен» сұхбаттасқан едік.

Президент менімен байланысқа шығып, пікірімді тыңдағанда өзімді ерекше бақытты сезіндім

– Өткен жылы пандемия басталғанда сіз министрліктің емдеу тәсіліне сын айтып, танымал болдыңыз. Мұндай жолды таңдауыңызға не түрткі болды?

– Былтыр мен де көппен бірге карантинде бөлмеге қамалып, 42500 теңгеге өтініш беріп үйде жаттым. Сол аралықта елордада министрлікте істейтін қант диабеті бар туған сіңілім ковидпен ауырды. Біздің министрлік шетелдік әріптестерінің тәжірибелерін зерделеп, ковидпен күреске сақадай сай болған шығар деп ойлағам. Практикада қарасам дайын болмағанын көрдім. Ковидпен ауырғандарға дұрыс ем көрсетпегенін байқадым. Біздің инфекционистер, жалпы денсаулық жүйеміз дайын болмай шықты. Не толық ақпараты жоқ, не ғылыми методтары жоқ. Сөйтіп емдеуге өзім кірістім. Бұл жолға солай келдім. Біз оқығанда былай деп үйрендік: ағзада бактерия пайда болса, оған қарсы антибиотиктер қолданамыз. Ал вирусқа қарсы нақты ем жоқ. Вирусты адамның қарсылық (иммунитет) қуатына сүйеніп қана емдеуге болады. Сондықтан вируспен ауырған адамды сиптоматический емдейді. Ол дегеніміз қай жері ауырса, соған сай ем жүргізу керек деген сөз. Корона вирус меңдеген науқастарда төмендегі екі-үш белгі анық байқалады: қанның ұюы (тромб), қабыну (воспаление), дененің улануы. Вирус денеде өмір сүргенде заһарлы қалдықтар пайда болады. Ол адамды улайды. Бірінші кезек бауыр, ұйқы безі зақымданады. Тағы бір байқағаным адамдар иіс, дәм сезуден қалады. Тамаққа тәбеті жоғалады. Бірер күн тамақ ішпесе, әлсіздік пайда болады. Қан тамырдағы суды ұстайтын ақуыз азайса, су денеге тарайды. Ол адам өміріне өте қауіпті. Өйткені өкпеге су жиналады. Бұл бәріміз білетін физиологиялық жай сауат. Сол кезде менің байқағаным көбі әртүрлі емдік сұйықтықтарды өз бетінше қолданып, жағдайларын қолдан қиындатқан. Осы жағдайларды ескеріп, білгенімді бөлісуге тырыстым. Өзімнің жеке байқағандарымды сол заматта инстаграмға салып жүрдім. Күніне 3-4 мыңға дейін сұрақ, хат тапсырып алған кездерім болды. Оған бір-бірден жауап жазу, бәріне бірдей үлгеру мүмкін емес еді. Мен тәжірибемді қорытындылап, оңай жолмен емдеуге болатынына көзім жетті. Көпшіліктің бәріне бірдей қол жетімді болуы үшін, ел игілігіне жарату үшін емдеу хаттамаларымды инстаграмга сала бастадым. Сондағы мақсатым көп адамға бірден көмек қолын созу болды. Қолданатын дәрілерде өте қарапайым, зияны жоқ. Бірақ дәрінің пайдасы мен зияны қатар жүретінін айта кету керек. Ол дәрінің дозасына, курсқа байланысты. Мен интернетте күрделі емес, үш-төрт күндік емдеу шараларын ұсындым.

– Одан бір нәтиже болды ма? Сіздің ұсыныстарыңызға билік құлақ асты ма?

– Менің кеңестерім кәдесіне жараса керек, менен ақыл сұрайтындар ғана емес, көрсетілген медциналық қызметке көңілі толмайтындардан шағым көбейді. Атап айтқанда жедел жәрдемнің уақытында келмейтіні, дәрігерлердің емдеуден қашқақтайтыны, дәрі-дәрмек бағасының аспандап кеткеніне халық наразы болды. Мен жұрттың орынды өтініштерін жеткізбек ниетте Президентке бейне үндеу жолдадым. Министрліктегілердің өз қателіктерін мойындамайтынын жақсы білгендіктен, Президентке төте шықтым. «Сізді адастырды, мұндай хаттамамен пандемияны жеңе алмаймыз, тез шешім керек» дедім. Ол кісі менімен байланысқа шығып, пікірімді тыңдағанда өзімді ерекше бақытты сезіндім. Дәріханалардың жұмысын қалпына келтіргеніне разы болдым. Хаттамалардағы артық дүниелерді, оңды-солды қолданылып келген емдік сұйықтықтарды қысқартқанына алғыс білдірдім.

– Сізбен кезінде бірге оқыған денсаулық сақтау министрі Алексей Цойше?

– Президенттің маған ықылас аударуының әсерінен болса керек, Былтыр Қытайдан шығып, әлемді жайлап, «наконец…» те елімізге келген тәж тәріздес тажалдың беті әлі қайтар емес. Министр ауыстырып, фармацевтикаға жауапты басшыларды соттағанмен денсаулық саласының қордаланған мәселелері шешімін тапқан жоқ. Шешімін күтіп тұрған толғақты түйіндерді сырт көзден гөрі, басы-қасында жүрген маманның айтқанының жөні бөлек. Білікті дәрігер Айна Бәкеева – ел басына күн туған алмағайып шақта халыққа шынайы жанашырлығымен көзге түскен көпшіл тұлға. Халық алдындағы абырой-беделі, танымалдығы ресми министр Алексей Цойдан еш кем емес. Бәкееваны блогер дейтіндердің де, білімді дейтіндердің де қарасы мол. Коронавирус өршіп тұрса да, мектептер дәстүрлі форматта оқуға көшкелі отырған екіұдай кезде, «халықтық министрмен» сұхбаттасқан едік. Айна Бәкеева мен Алексей Цой: Кім-кімнен қашып жүр? ол тілшілерге мені танитынын, пікірлескенін айтып жүрді. Бірақ менімен бірде бір рет бетпе-бет кездесіп, ой бөліскен емес. Дөңгелек үстел, қоғамдық пікір-таластарға қоластындағыларын жіберіп, қашқақтап жүр. Менің министірліктің жұмысына айтқан сындарыма сырттай, БАҚ өкілдерінің алдында жалпылама жауап бергенше, ортақ талқылаған әлде қайда тиімді болар еді деп санаймын.

Менің емдеу хаттамамды Ресей дәрігерлері қолдады

– Ресей медицина мамандарының сіздің ұсыныстарыңызға көзқарасы қандай болды?

– Қан қоюланбау үшін көп әрекет ету керек. Мен өте пайдалы гимнастикаларды өзім қайталап көрсетіп көпшілікке ұсындым. Телеэфирлерде маған қарсы шыққан дәрігерлердің басты қателігі өкпенің бактерия және вируспен зақымдануының аражігін ажырата білмегендігі. Өкпе бактериялық инфекциядан зақымданғанда іріңді жара пайда болады, ондай жағдайда тыныс алу жаттығуын жасату артық, әрине. Ал вирустық инфекция түскенде өкпенің қызметін қалпына келтіру үшін, жұмыс қабілетін көтеру үшін тыныс жаттығуын жасаудың пайдасы зор. Менің инстаграмдағы жазылушыларым менің ұсыныстарым мен емдеу тәсілдерім жазылған бейне үндеулерімді Елена Малышеваға «мынау дұрыс па, қате ме, төрелік айтсаңыз» деп жіберген екен. Ол оның дұрыстығын бағалау үшін, Мәскеудегі ең мықты мамандарға жүгінген. Нәтижесінде атақты кардиолог Симон Теймуразович Мацкеплишвилидің емдеу хаттамасы менікімен ұқсас болып шыққан. Ол да сол жолға үздіксіз практикалық тәжірибе арқылы жеткен. Мен де оны өзім таптым деп отырған жоқпын. Италиялық дәрігерлердің хаттамасын қарадым. Новосибирскінің дәрігерлерімен де ақылдастым. Сол үшін мен гидрохлортиазидті қолданбадым. Антибиотикті аса қажет болмаса жазбадым. Мацкеплишвили басында азитромицинді көп қолданған екен. Мен грандаксинді қолдануға қарсымын. Мен оны о бастан қолданғаным жоқ. Басқа жағынан Ресей мамандарымен ойым ұқсас.

Айна ханым антиваксер ме?

– Биыл эпидемиологиялық жағдай жақсарудың орнына, керісінше болды. Мұның себебі неде деп ойлайсыз?

– Бізде статистика дұрыс жүргізілмей тұр. Былтырғы үрдіс әлі сақталып келе жатыр. Қазір қарасаңыз басқа аурулар мүлдем жоқ сияқты болып қалды. Тек қана COVID-19. Тамақ ауырса да, қызу көтерілсе де – COVID-19. Қол-аяқ қақсаса да COVID-19 болып жазылуда. Маусымдық тұмау сияқты жылда өршитін ауру жайында да биыл нақты статистика жоқ. Түрлі аурудың бәрі COVID-19-дан қорқып, тығылып қалған сияқты әсер қалдырады. Мұның бәрі ковидті көбейтіп көрсетудің амалы сияқты. Статистикада нақтылық, ғылымилық жоқ. Аурудың диагнозы дұрыс анықталмаса, оны қалай дұрыс емдеуге болады. Қазіргі ауырғандарда ерекше белгілер байқалады. Былтыр да кездескен, бірақ биыл бір түрлі. Маған көп адамдар көшірмесін жіберіп жатыр. Ауадағы зиянды газдардың мөлшері жылдағыдан жоғары. Қалада да, ауылдарда да сондай. Мысалға азотты алсақ, оның мөлшері артса, адамның өкпесі қабынады, су жиналады. Менің оны анықтайтын лабораториям жоқ. Менің түсінбейтінім, оны бақылайтын ұйымдар қайда қарап отыр? Бізді сыртқы күштер улап жатса, соны анықтауы керек қой. Өкінішке орай олардан еш жауап жоқ. Оны айтасыз, бізде ғылыми сараптама жасайтын орталықтар да жоқ. Жоғары жақ не айтса, сол заң. Мамандармен ақылдасып шешім шығару деген атымен жоқ. Екіншіден, қазіргі салынып жатқан екпенің де әсері болуы мүмкін. Коронавирусқа қарсы вакцина шыт жаңа, бұрын ондай вакцина болмаған. Вакцинация ол денеге коронавирустің өлтірілген генін егу деген сөз. Толық зерттелмеген вакцинаға күмән келтіру, әрине, орынды деп ойлаймын. Былтыр вакцина салынбаған кезбен салыстырғанда, биыл вакцина салынған кезде аурулар саны көп болып тұрды. Көктемнен бастап науқастар саны күрт өсті. Бұл өзгерісті вакцинадан да көріп тұрмын. Үшіншіден, нашар дәрігерлік қызметтің кесірінен. Адамдарға ауруы жаңа басталғанда дұрыс дәрігерлік көмек көрсетілмейді. Асқынғанда барып, бәрін үйіп-төгеді. Ондай ауыр емді дене қуаты әлсіреген адам көтере алмайды. Вакцинадан кейін, сау адамдар да ауырып жатыр. Айналып келгенде бәрі хаттамаға барып тіреледі. Әлі күнге дейін таң қалатыным хаттама міндеттелмеуі, арнайы тапсырма (бұйрық) болмауы керек, нұсқаулық ретінде пайдалану керек. Қалғанын дәрігерлер нақты жағдайға қарап емдеуі, шешім қабылдауы керек. Бізде хаттама әскери бұйрық, шариғат заңы сияқты қолданылады. Өзі дербес ойланбаса, шешім қабылдамаса. орындаушы ғана болса дәрігердің не керегі бар? Онда емдеу хаттамаларын көрнекі жерлерге іліп қойсын.

Мен вакцинаға қарсы емеспін, оның шынайылығына күмәнім бар…

– Сіз вакцинаға не себепті қарсы шықтыңыз?

– Даудың басы вакцинациялауда емес, вакцинаның өзінде болып тұр. Вакцинаның пайдасымен қоса зиянды жағын, жанама әсерін анықтау үшін екі де төрт жыл күту керек. Жануарларға сынақ өткізу үшін де, ұрпақ қалдыруға әсерін анықтау үшін де осыншама уақыт қажет болады. Көбі бұған қазір технология дамыған деген уәж айтады. Адамзат әлі күнге уақытты тездететін, не артқа қайтаратын технологияны әлі ойлап тапқан жоқ. Ең бастысы вакцина мен сынақ екі түрлі нәрсе. Қазір екеуі араласып кетті. Билік сынаққа қатыстырумен қоймай, мәжбүрлеп жатқандай әсер қалдырады. Мұндай зорлықты тәсіл фашистік лагерлерде орын алатын жағдай. Сонымен салыстырмауға шарасызбыз. Бізде ел тұрғындарының иммунитет базасы жасалмаған. Ресейде ол бар. Мен осыны айтқанда олар таң қалды. Билік вакцинаның жарнамасына ақша шашқанша, алдымен сол базаны жасап, соған сай екпе жасауы керек еді. Бізде ондай жұмыстың бірі жоқ. Елді жаппай бопсалауға көшті. Мұнда заң бұзушылық бар. Халықтың денсаулық қауіпсіздігі басты назарға алынуы керек. Мұны мен айтудай-ақ айтып келем. Құлақ асқан ешкім жоқ.

– Танымал журналистің өліміне сізді кінәлі еткендердің мақсаты не? Мұндай құқайларға жиі ұшырап тұрасыз ба?

– Марқұмның иманы жолдас болсын! Мен бұл істі жеке басыма жасалып жатқан ақпараттық шабуылдардың кезекті біреуі деп мән бермеп едім. Өз саламның былықтарын жайып салған белсенділігіме, вакцинацияға байланысты пікірлеріме қарсы ұйымдастырылған қасақана әрекет деп бағалағам. Күні кеше Жамбылға барып, сотқа түсініктеме бердім. Осы іс жайлы ақпарат бұрқ еткенде, маған көптеген заңгерлер хабарласып, сотқа беру жайында кеңестерін айтқан. Енді солардың ескертпелеріне құлақ аспағаныма өкініп тұрмын. Біздің (екі әріптесім қосылған) вакцинациялау науқаны жөнінде сотқа жазған арызымыз 27 тамызда қаралуы тиіс еді. Сот семинарға қатысатын болды деп тағы да кейінге қалдырды.

Балалардың тағдырына жеңіл-желпі қарауға болмайды

– Елімізде 28 тамыздан бастап карантин жеңілдетілді. Цой бұл  шешімді елде ауырғандардың соңғы аптада азаюына байланысты қабылдадық дейді. Сіздің көзқарасыңыз?

– Тағы да айтам, мен статистикаға сенбеймін. «ASHYQ»ты міндеттеу бәрі заң бұзушылық. Адамдарды әр түрлі түске бөлу күлкілі нәрсе. Цойдың тірлігі маған түсініксіз, бірде олай айтады, бірде былай айтады. Ол соңғы кезде кәсіби маманға емес, балшыға ұқсап кетті. Пандемияның ар жақ-бер жағы заңсыздықтарға толы. Жергілікті санитарлық дәрігерлер ойына келгенін істейді. Дұрыс ақпарат берілмейді. Жауапкершілікке келгенде аттондарын ала қашады, бір-біріне сілтейді. Шымкент қанық қызыл түсте болса, оның іргесіндегі Ақсуда керісінше. Былтыр тәулігіне ауырғандардың саны мың жарым шамасында болса да оқуға рұқсат бермеді. Биыл тәулігіне сегіз жарым мың болса да офлайн оқытпақ. Айтатындары алдын алу шаралары толық деген сияқты сырғытпа жауаптар. Мектепте сақтану шаралары мүкамал болса да, бала бәрібір жолда жүріп, үйіне жеткенше адамдармен жолығады ғой. Мектептен карантин бөлмелерін ашу, жедел жәрдем шақыру баланың жүйкесіне салмақ салады. Еуропа мамандары пандемия басталғалы бері оқушылар арасында суицид көбейгенін айтып дабыл қағуда.

– Алдағы жоспарларыңыз?

– Алдағы уақытта соттан сотқа сабылатын түрім бар. «Еститін үкімет» даусымды естігенше тоқтамаймын. Депутаттар коникулден оралса, оларға да айтарым көп, дайындаған сыйым бар. Менше ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне кәсіби, мемлекетшілдігі жоғары адамдар тартылуы керек. Әсіресе жеке позициясына берік, ғылыми сын айта алатын мамандар болуы тиіс. Президентке мені де аталмыш кеңеске мүшелікке қабылдау туралы өтініш айтамын. Бізде қаржылай көмекке зәру салалар көп. Дүниежүзілік денсаулық ұйымы дабыл қаққан халық денсаулығына қауіпті басқада аурулар қазір ковидтің, вакцинациялау науқанының тасасында қалып қойды. Орын алған заңсыздықтарға жауапты тұлғалар есеп беруі керек. Жауапкершілікті бір-біріне сілтейтін ескі ойынды қою керек. Пандемияға қарсы жүйемізді осы бастан қайта саралап, ретке келтірмесек, айтыс-тартыстың көкесі күзде, үкімет балалар мен жүкті әйелдерді вакциналауды бастағанда болайын деп тұр.

 

Есбол ҮСЕНҰЛЫ
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 126
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 130
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 314
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 938

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9011
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8406
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11632
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9390
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10616