ӘКЕЛЕРМЕН ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ

ӘКЕЛЕРМЕН ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ

Әкелерім бақытымсың, барымсың
Тірегімсің, сүйенішім, бағымсың
Жалғасындай әкелердің барында,
Жақсы атымен бар әлемге танылсын.
Жуырда мектебімізде “Әкеге алғыс» тақырыбында әкелермен кездесу өткізілді. Аталған кездесудің мақсаты- мектеп пен отбасының қарым – қатынасын нығайту, бала тәрбиесінде әке рөлін арттыру болды. Кездесуге келген әкелерді құрмет жолымен сап түзеген мектеп оқушылары мен ұстаздары “Мың алғыс, Әке” флешмобымен қарсы алды.
Шара барысында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Алиеваның «Әке рөлі» тақырыбында баяндамасы тыңдалды. Баяндама желісі әкенің бала дүние есігін ашқаннан бастап, оның өсіп дамуына тигізетін әсерінің маңызды екені, әр отбасындағы әкенің рөлінің ерекшелігі, әкенің отбасының асыраушысы, отбасы мүшесінің тірегі, қамқоршысы, мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы болып табылатындығы жайында өрбіді.
Сонымен қатар, мектеп психологы А.Бикозиева кездесуге алтын уақыттарын бөліп келген әкелерді «мықты, адал, мейірімді» деген үш топқа бөліп, «Мен үшін әке болу – бұл… » атты тренинг жүргізді. Әкелер жұмсақ ойыншықты бір-біріне жалғай отырып, «Мен үшін әке болу – бұл… » /бақыт, жетістік, байлық, арман, дәреже, мәртебе, өмір, жауапкершілік…т.с.с./фразалармен аяқтады. Әкелерге «Әке, 1 сағат уақытыңды сатып алайыншы» деген әсерлі бейнеролик көрсетіліп, пікіралмасу жүргізілді.
Ыбырай Алтынсарин айтқандай, «Әке мен бала достығы» – ең қымбат құндылық, осы құндылықты дәріптеу мен насихаттау мектеп жұмысындағы негізгі ұстанымдарының біріне айналып отыр. Бала тәрбиесінде әкенің алар орны ерекше.
Әкенің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мен мектеппен байланысты нығайту мақсатында мектеп жанынан “Әкелер кеңесі” құрылған.
Әкелер кеңесінің жұмысы – отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиесіне атсалысуға шақыру және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы ата-ананың белсенділігін арттыру мен мектептің ұл балаларын еңбекке тартуға бағытталған.
Әкелер кеңесінің мүшесі Д.Абдалиев, ер баланың өсіп – жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында, қоғамдағы өз орнын дұрыс таба білуінде әкенің атқаратын еңбегі ерекше екендігін атап кетті.
Барлық әкелерге бала тәрбиесінде сәттілік тілеген көп балалы әке, әкелер кеңесінің төрағасы Ғ.Жақыпбеков өз сөзінде жасырын емес мектеп жасындағы бірнеше баланы тек анасы бағып-қағуда, әкелердің біразы бала тәрбиесін аналарға ысырып, жұмысбасты боп кеткен. Аналар материалдық, рухани қажеттіліктерін бергенімен, әкенің орнын толтыра алмасы анық. Сондықтан ұлдың да, қыздың да тәрбиесінде әкенің рөлі зор. Ана баласына жылулығын, мейірімін сыйласа, әке баланың өз-өзіне сенімді тұлға болып қалыптасуына жол ашады деген пікір білдіріп, әкелерді бала тәрбиесіне байыпты қарауға шақырды.
Шараға қатысушы тұщымды ой бөліскен, белсенді әкелер мектеп директорының Алғысхаттарымен марапатталды.

Гульвира Алиева, №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
13.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 40
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 192
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 188
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 155
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 301
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 519
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 472

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9175
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8573
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11801
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9571
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10781