ӘКІМ УӘДЕСІН ОРЫНДАДЫ, ҚАЛАМАҚЫ ҚАЙТА БЕРІЛЕ БАСТАДЫ

ӘКІМ УӘДЕСІН ОРЫНДАДЫ,  ҚАЛАМАҚЫ ҚАЙТА БЕРІЛЕ БАСТАДЫ
Бұрынғылардан «Жақсы газет шығару үшін жақсы мақала жазу керек» деген сөз қалған. Жақсы мақала жазуға қаламақының ықпалы зор екені анық.
Міне, бүгін бес жылдық үзілістен кейін Жамбыл облыстық «Aq jol», «Знамя труда» және «Ar-ai» газеттерінің шығармашылық ұжымы алғаш рет қаламақы алып отыр.
Осы жылдар ішінде редакция басшылығы қаламақыны қайтарудың барлық жолдарын іздеді. Талай рет облыс әкімінің назарына қойды. Бірақ еш шешілмеді. «Онсыз да жалақы алып отырған журналистер не үшін қаламақы алуы тиіс?» деген тар түсініктен кейін сызылып кеткен қаламақы мәселесі бес жыл бойы әбден «жыр» болған еді.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өткен жылдың соңында зиялы қауым өкілдерімен кездескенде осы мәселе тағы да көтеріліп, әкім уәде берген болатын.
Міне, Нұржан Молдиярұлы уәдесін орындады. Әкім айтты, істеді, қаламақы қайта оралды.
Бүгін «Aulieata-media» ЖШС-іне қарасты «Aq jol», «Знамя труда» және «Ar-ai» газеттерінің журналистері қаламақы алып, бір жырғап қалды.
Ұжымның қуанышында шек жоқ. Шынын айту керек, бес жылғы үзілістен кейін күдер үзіп те қойған еді.
Қаламақы төлеуді қайта тірілткен облыс басшысына мың алғыс!
Алла қаласа, енді алдағы уақытта қаламақының көлемін көтеру және белді авторларға да қаламақы қою мәселесі де қарастырылмақ.
Лайым, қуанышты күндеріміз көп болсын.
Оралхан Дәуіт, AULIEATA-MEDIA ЖШС-нің директоры
11.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 113
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 126
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 217
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 217
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 354
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 585
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 528

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9234
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8630
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11856
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9627
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10839