Әкімдер тұрғындардың жағдайын жақсы білуі керек

Әкімдер тұрғындардың жағдайын жақсы білуі керек

Кеше облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданында арнайы жұмыс сапарымен болып, халықпен кездесіп, бірқатар құрылыс нысандары мен мекемелерді аралады. Аймақ басшысының жұмыс сапары Үшарал ауылдық округінен басталды. Алдымен облыс әкімі округ тұрғындарымен кездесті. Оған Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков және құқық қорғау орындары басшылары қатысты.

Кездесуде ауыл ақсақалы Базар Мәденов «Үшарал-Досбол- Түгіскен-Тараз» және «Кеңес-Көшек-Үшарал-Қаратау» бағытындағы автобус бағытын жандандырып, қазіргі «Пазик» автобустарына жолаушылар сыймайтындықтан жаңа автобус алу керектігін айтты. Бұл сұраққа аудан әкімінің орынбасары Қайрат Серімов жауап берді. Ал, облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бұл сұрақ төңірегінде:

– Жалпы, Талас ауданында ғана емес, облыста автобус паркінің жағдайы төмен. Тараз қаласындағы қалаішілік бағыттарға 140-150 автобус жетіспейді. Тасымалмен айналысып жүрген автобустардың өзі ескі. Бұл ретте айта кетерлік тағы бір мәселе – автобус тасымалымен кәсіпкерлер айналысады. Сондықтан, автобусты да кәсіпкерлер сатып алуы тиіс. Мемлекет тарапынан жасалатын көмек – субсидия төлеу. Субсидияға биыл 2 миллиард 900 миллион теңге бөлінді. Тараз қаласына биыл 73 жаңа автобус әкелінген. Жыл соңына дейін Тараз қаласын тағы 60 жаңа автобуспен қамту көзделіп отыр. Алдағы үш жылда аудандарға қатынайтын автобустарды да субсидия бөлу арқылы жаңалау көзделуде. Ол үшін кәсіпкерлермен үйлесімді жұмыс жүргізу қажет. Аудан әкімі Нұрбол Әбдімәжитұлына кәсіпкерлермен нақты жұмыс істеп, аталған бағытты жаңа автобуспен қамтуды тапсырамын, – деді.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындары округте қордаланған басқа да мәселелерді сөз етті. Атап айтсақ, Қыдырәлі Бекмұратов ауылындағы Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектеп көгілдір отынға қосылса да ондағы жылу жүйесінің әлі қалыпты жұмыс істемей тұрғанын көтерді. Аудан басшылары оның жақын арада жөнделіп, іске қосылатынына уәде берді. Ал, Арал елді мекенінің тұрғыны Шертек Шаханов жол мәселелерін көтерді.

Бұдан соң облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы аталған ауылдық округтегі «Ақбас» шаруа қожалығының жұмысын көрді. Қожалықтың бүгінгі жүргізіп жатқан жұмысымен аудан әкімінің орынбасары Медет Үрістенов таныстырды. Шаруашылық «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында мал бордақылау алаңын салып, бір мың бас мүйізді ірі қара бордақылауды қолға алған. Қожалықтың атқарушы директоры Шәмілхан Үсенбаевтың айтуынша, мұнда 100 бас бие, 30 бас сиыр сауылып отыр. Қожалық мал басын әлі де көбейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Облыс әкімі келесі кезекте Қызыләуіт ауылдық округінде болып, Қызыләуіт ауылдық мәдениет үйіне жиналған ауыл тұрғындарын ашық әңгімеге шақырып, еркін форматта пікір алмасты.

Халық тарапынан қойылған сұрақтар мен мәселелерге облыс әкімі Нұржан Нұржігітов жауап берді. Мұнан соң облыс әкімі ауылдағы «Балдәурен» бөбекжай бақшасын, «Шұқыр» әуітін, Жарас Ермұратұлының ауласындағы 0,5 гектар жерге егілген жылыжайды аралап, еңбеккерлердің жаңашыл істеріне куә болды.

Облыс әкімі ауыл тұрғыны, жас кәсіпкер Серік Алпысбаевтың биогумус өндірісімен танысты. Ол бір жылда 20 текше метр биогумус өндірген. Серік Алпысбаев «Талас ауданында Биогумус өндіретін 8 шаруашылық бар. Алдағы уақытта кеңінен дамытуды ойлаймыз. Қызыл шылаушынға малдың жаңа қиы керек. Жалпы, биогумус егістіктің барлық түріне қолайлы. Кәсібімізді 1 миллион 250 мың теңге грант алып, бастаған болатынбыз», – деді ол.

Облыс әкімі кәсіпкердің жұмысына қызығушылық білдіріп, қолдау көрсететінін айтты. Қызыләуіт ауылдық округ әкімі Ғарифолла Байкенжеевке кәсіпкерлермен, ауыл тұрғындарымен одан әрі жұмыс істеуді тапсырды.

 

Талас ауданы
02.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 172
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 168
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 135
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 280
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 282
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 497
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 455

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9153
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8552
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11779
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9547
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10759