Әкімшілік айыппұлдарды өндіру мәселесі талқыланды

Әкімшілік айыппұлдарды өндіру мәселесі талқыланды

2023 жылдың 23 тамызында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бастамасымен Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеровтің төрағалығымен Жамбыл облысында уәкілетті мемлекеттік органдармен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Осы кеңесте салынған әкімшілік айыппұлдарды толық өндіріп алу, сондай-ақ салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру барысында заң талаптарының сақталуына бағытталған бірлескен іс-шаралар атқару жайы талқыланды.

Кеңесті Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Календеров ашып, күн тәртібінде қаралып отырған мәселенің маңызы зор екенін атап өтті.

Жамбыл облысындағы әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент бастығының міндетін атқарушы Г.Б.Дүйсембекова баяндады.

Кеңес барысында уәкілетті органдармен салынған әкімшілік айыппұлдардың ең көп мөлшері Жамбыл облысының Экология департаментіне тиесілі екендігі, яғни  5 млрд. 776 млн. теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынғандығы және аталған мөлшердегі сома  Жамбыл облысы бойынша өндіріп алу пайызын күрт төмендетіп тұрғандығы атап өтілді.           

Облыстың қала, аудандарына бөліп қарағанда айыппұлдарды өндіріп алудың ең төмен пайызы: Жамбыл ауданында – 63%, Байзак ауданында – 65%, Сарысу ауданында– 66%, Меркі ауданында – 69% құрап отыр.

Аталған аудандар бойынша айыппұлдарды өндіріп, олардың бюджетке түсуі  мақсатында қажетті шаралар қабылдау  тапсырылды. 

Сонымен қатар, бұл тұрғыда Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Қордай аудандарындағы уәкілетті органдардың жақсы жұмысын атап өтілді.

Өзара талқылау барысында айыппұлдарды мемлекеттік бюджетке өндіруге бағытталған бірлескен іс-шаралар нақтыланып, Облыстың медициналық мекемелерінде құқық бұзушының масаң күйін анықтау үшін куәландыру тәртібін цифрландыру және уәкілетті мемлекеттік органдармен әкімшілік істерді тек электрондық форматта қозғау тапсырылды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
25.08.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 130
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 47
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 131
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 96
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 239
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 243
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 456
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 418

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9117
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8514
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11742
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9509
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10722