Ауданның мерейтойына арналған «Сарысу-жанымның шуағысың, таусылмасын мәңгілік қуанышың» атты республикалық айтыс өз мәресіне жетті.
Алла аузына сөз салған төл өнеріміз-айтыстың жүйріктері ауданның кешегі мен бүгінгісін, елдің тойын мәнді де мғыналы сөздерімен жырға қосып айтыс сүйер ағайынның көңіілінен шықты.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков сахна төріне көтеріліп айтысқа қазылық еткен әділқазылар мен айтыскер ақындарды "Сарысу ауданына 95 жыл" мерекелік медальмен марапаттады.
Әділқазылар алқасының шешімімен аламан айтыста жүлделі үшінші орынды сарысулық Талғат Құсайынов пен шымкенттік Біржан Байтуов иеленді. Жүлделі екінші орынға қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов ие болса, бірінші орынды Байзақ ауданынан келген Алтынкүл Қасымбекова қанжығаға байлады.
Аламан айтыстың бас жүлдесін қызылордалық Нұрмат Мансуров жеңіп алды.
Бас жүлдені қызылордалық ақын Нұрмат Мансуровқа аудан әкімі Сәкен Мамытов пен айтыстың бас демеушісі "Қазфосфат" ЖШС-і директорының орынбасары Құдияр Омаров табыс етті.
Барлық ақындар арнайы Алғыс хаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Аудан төрінде өткен аламан айтысқа Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын МАРАЛТАЙ РАЙЫМБЕКҰЛЫ,
"Әулиета-Медиа" ЖШС-нің директоры, журналист ОРАЛХАН ДӘУІТ, Жамбыл облыстық "Ғұмыр-дария" газетінің бас редакторы ЖАҢАБАЙ МИЛЛИОНОВ, Халықаралық айтыс-ақындары, жыршы-термешілер одағының Жамбыл облыстық филиалының төрағасы АХМЕТЖАН ӨЗБЕКОВ, айтыскер ақын ИСАҚОВ АЙТМҰХАММЕД, айтыскер ақын, мәдениет саласының үздігі СӘРСЕНБАЕВА КҮМІС, ақын, мәдениет саласының үздігі ҮМІТ БИТЕНОВА әлілқазылық етті.